HomeӘлем жаңалықтарыГейтс пен Маск...

Гейтс пен Маск жанжалы: әлемдегі қайырымдылыққа деген екі көзқарас

Билл Гейтс (Фото: Mike Segar / Reuters)

Дүниедегі екі ықпалды миллиардер Билл Гейтс пен Илон Маск,  бай адамдардың ғаламдық мәселелерді шешуге қосар үлесі туралы екі түрлі көзқараста екендігі Гейтстің сұхбатынан айқын көрінді деп хабарлады Рейтер агенттігі өзінің мақаласында.

Гейтс  әлемдегі өзекті әлеуметтік  мәселелерді шешудегі бизнестің рөлі, әсіресе жаһандық денсаулық пен кедейшілікті жою мәселелері бойынша Маскпен келіспейтіндігін ашық айтты. Себебі бірқатар елдердің, соның ішінде АҚШ-тың  халықаралық көмекті қаржыландыруды қысқартқандықтан, жер шарының көптеген аймақтарында кедейшілікпен күрес және денсаулық сақтау саласында жағдай тіпті шиеленісіп кетті.
Билл және Мелинда Гейтс қорының тең төрағасы Гейтс өз байлығының көп бөлігін жұқпалы аурулармен күресуге және балалар өлімін азайтуға арнады. Ол өзінің қоры арқылы 200 миллиард доллар беруді және байлығының шамамен 99% жұмсап, оны 2045 жылға дейін жабуды жоспарлап отыр. Гейтс бұл салаларда ілгерілеушілікке қол жеткізу үшін үкіметтің қолдауы маңызды деп санайды.
Гейтстен айырмашылығы, Маск халықаралық көмектің дәстүрлі түрлеріне сын көзбен қарайды. Ол Америка Құрама Штаттарының Халықаралық Даму Агенттігі (USAID) арқылы қаржыландыруды қысқартудағы өз рөлі туралы айтып, ұйым жұмысының тиімділігін арттырдым деп мәлімдеді. Бұл USAID бағдарламаларын айтарлықтай қысқартуға әкелді.
Гейтс қаржыландырудың қысқаруына қатты алаңдаушылық білдіріп, балалар өлімінің ықтимал өсуі және жаһандық денсаулық сақтау саласындағы ондаған жылдардағы қол жеткізген прогрестің кері кетуі туралы ескертті. «Әлемдегі ең бай адамның әлемдегі ең кедей балаларды өлтіріп жатқан суреті тартымды емес», — деп Гейтс көмекті қысқартудың ауыр зардаптарын атап өтті. Атап айтқанда, Гейтс Мозамбиктегі Газа провинциясындағы ВИЧ індетін анадан балаға жұғуының алдын алумен айналысатын аурухананы атап өтті, бірақ АҚШ билігі оны Палестинаға тиеселі Газа секторындағы ХАМАС-қа мүшеқаптарды жеткізіп жатыр деп қателескен кезде гранттарынан айырылды. «Мен оның қазір ВИЧ індетін жұқтырған балалармен кездесуін қалаймын, өйткені Маск бұл қаржыландыруды қысқартты», — деді миллиардер.
Оның пайымдауынша, үкіметтер балалардың аман қалуын қолдау үшін жауапкершілікті өз мойнына алуы керек, себебі оның қоры мемлекеттік қаржыландырудың қысқартуынан қалған олқылықтарды толығымен толтыра алмайды.
2000 жылы құрылған Гейтс қоры миллиондаған адамдардың өмірін сақтап қалуда және вакциналар мен иммундау жөніндегі жаһандық альянс (GAVI) және туберкулез және безгекпен күресу жөніндегі ғаламдық қор сияқты негізгі бастамаларды қолдауда маңызды рөл атқарды. Дегенмен, Гейтс үкіметтің қолдауынсыз қол жеткізілген деңгейден ілгерілеу мүмкін болмайтынын мойындайды.
Бұл жанжал қайырымдылықтың әртүрлі философиясын көрсетеді. Гейтс үкіметтер жаһандық мәселелерді шешуде таптырмас рөл атқарады деп есептей отырып, жеке көмек пен мемлекеттік қолдаудың үйлесімін жақтайды. Ал Маск тиімділік пен жауапкершілікке баса назар аудара отырып, үкіметтің шектеулі рөлін қолдайтын сияқты.
Сайып келгенде, Гейтс пен Маск арасындағы пікірталас филантропияның рөлі, үкіметтердің жауапкершілігі және жаһандық мәселелерді шешудің ең тиімді стратегиялары туралы маңызды сұрақтарды тудырады. Бұл келіспеушіліктер халықаралық көмектің болашағы және әлемдегі ең осал адамдарға қалай көмектесу керектігі туралы кеңірек диалогты көрсетеді.
Жақында Маск саясатын өзгерту үшін ұсыныс жасалды ма деген сұраққа  Гейтс АҚШ-тың көмек шығындарының болашағы туралы шешім қабылдау енді Конгрессте екенін айтты.
Маск өзінің X әлеуметтік медиа платформасында Гейтстің АҚШ көмегін қысқарту туралы сұхбаты бар твиттеріне жауап ретінде «Гейтс түрмеде болуы керек», — деп жазды.  Масктың жауабы көп ұзамай желіден  алынып тасталды.

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

Ресей-Украина соғысы туралы соңғы мәліметтер

фото Национальной полиции Украины Ресей президенті Владимир Путин Украинаға 15 мамырда Ыстамбұлда ұзақ мерзімді бейбітшілікке жету жолын және ықтимал атысты...

Филиппиндегі аралық сайлаудағы басты мәселе

Сара Дутерте және кіші Фердинанд Маркос, Фото: Reuters Рейтер агенттігі Флиппиндегі аралық сайлау барысындағы саяси жағдайға арналған мақаласында елдегі екі...

  Ресейдің әскери шеруі қарсаңында Украина Мәскеуге шабуылын жиілетті

фото Андрей Гордеев / Ведомости  Үшінші күн қатарынан украиналық ұшқышсыз ұшақтар Мәскеуге шабуыл жасап, Қытай төрағасы Си Цзиньпин келуіне бірнеше...