Басты бетUncategorizedАҚШ Венесуэлаға шабуыл...

АҚШ Венесуэлаға шабуыл жасады. Мадуро тұтқындалды.

Фото: STR/AFP

3  қаңтар күні АҚШ әскерлері көрші Венесуэланың астанасы Каракасқа шабуыл жасап, заңсыз билікте деп саналған президент Мадуроны әйелімен тұтқындап, Құрама Штаттарға алып кетті. Трамп билікке келгеннен кейін Мадуроны есірткі саудасын ұйымдастырушы және жүз мыңдаған мигранттардың шекарадан өтуіне жағдай жасап отырған  адам ретінде айыптаған еді. АҚШ Мадуроның президент сайлауындағы жеңісін мойындамады және оны заңды президент деп санаудан бас тартты. 2020 жылы, Дональд Трамптың бірінші мерзімі кезінде, АҚШ Венесуэла көшбасшысын ұстаған адамға 15 миллион доллар сыйақы ұсынды. Ал 2025 жылдың қаңтарында бұл сома 25 миллион долларға, ал тамызда 50 миллион долларға дейін өсті.

2025 жылы, Вашингтон есірткі саудасына қатысы бар деп мәлімдеген кемелерге соққы бере бастады. АҚШ билігінің мәліметі бойынша, Мадуро халықаралық кокаин сауда желісімен және Cártel de los Soles (Күндер картелі) ұйымымен тығыз байланысты.

Өткен жылдың желтоқсан айынан бастап АҚШ Венесуэланың мұнай таситын кемелерін теңізге шығармай қойды. Бастапқыда АҚШ Мадуроға биліктен кетіп, шет елдің бірінен баспана іздеуге мүмкіндік бермекші болды. Кейіннен Мадуро ультматумды қабылдамаған соң қысым күшейе түсті.

Кейбір сарапшылар Мадуроны оның айналасындағылар ұстап берді деген пікір айтуда.

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

АҚШ пен Израильдің Иранға шабуылы

1 наурыз Иран және шет елдік ақпарат құралдары Жоғарғы көсем аятолла Әли Хаменеидің шабуыл барысында қаза тапқанын растады. Сонымен...

Израиль мен АҚШ Иранға шабуылын бастады

Фото: AP / ТАСС 28 ақпанда Израиль мен АҚШ Иранға шабуылын бастады. Израиль қорғаныс министрі Исраэль Кац «Израиль мемлекеті өзіне...

АҚШ Иран мәселесін қалай шешпек?

фото reuters АҚШ-тағы саяси ахуал: Президент Трамптың саясатын халықтың қолдауы 38 пайызға дейін төмендеді. Осы жылдың 3 қарашасында Сенат пен...