1 наурыз
- Иран және шет елдік ақпарат құралдары Жоғарғы көсем аятолла Әли Хаменеидің шабуыл барысында қаза тапқанын растады. Сонымен бірге жоғары шендегі әскери басшылардың да өлімі туралы да ақпарат бар.
- Иран көршілес араб елдеріндегі АҚШ-тың әскери базаларына шабуыл жасады. Ақпарат құралдарының мәліметтеріне және бейнежазбаларына қарағанда Иран зымырандары аймақтағы барлық АҚШ одақтастарының территориясына жеткенімен үлкен зардап келтірмеген.
- Аль Жазира телеарнасы Иран басылымдарына сілтеме жасай отырып сенбі күнгі шабуыл барысында Иранның 24 провинциясы зардап шеккен және кем дегенде 201 адам қаза тапты деп хабарлайды.
- Израильдің премьер министрі Нетаньяху өз сөзінде көптеген «жоғары лауазымды тұлғалардың» «жойылғанын» хабарлады. Сонымен бірге ол Израильдің «Ислам сақшылары корпусының қолбасшылары мен ядролық бағдарламамен байланысты жоғары лауазымды шенеуніктерін жою шараларын жалғастыратынын мәлімдеді.
- АҚШ президенті Трамп мәлімдемесінде «Бұл Иран халқы үшін өз елін қайтарып алудың ең үлкен мүмкіндігі», — деп Иран азаматтарын билікті басып алуға шақырды. Ол «Ислам революциялық гвардия корпусы мен полицияның Иран патриоттарымен бейбіт түрде бірігуіне үміттенемін» деп елдегі әскерилерді халық жағына шығуға үгіттеді.
- АҚШ-тың алысқа ұшатын ұшақсыз аппараттарының Иранның ішкі территорияларын бомбылауы, әуе кеңістігін қорғау жүйесінің жойылғанын көрсетеді


