Басты бетЖаңалықтарТеслаға шабуылдар күшейе...

Теслаға шабуылдар күшейе бастады

Дональд Трамптың инаугурациясынан кейін АҚШ-та Tesla нысандарын өртеу, сындырумен қатар  зорлық-зомбылық та күшейгені туралы «Вашингтон пост» газеты мақала жариялады. Бұл Илон Маск Трамптың белсенді жақтаушысы және ел көлеміндегі қысқартуларға жауапты және жалған ақпарат таратушы ретінде танымал болған кезде басталды. Желіде таралған ашу-ызаға толы жазбалар шынайы өмірде жүзеге аса бастады. Tesla дүкендеріне, қуаттау станцияларына және көліктерге жасалған шабуыл нәтижесінде компанияға үлкен материалдық нұқсан келтірді. Мысалы, Массачусетс штатында қуаттау станциялары өртенсе, Мэриленд штатында Tesla компаниясының ғимаратына «Маск жоқ» және свастика тәрізді таңбаны жазып кетті. Орегон штатында ер адам дүкен терезесінен оқ атып, Tesla көліктеріне молотов коктейльдерін лақтырып, жарты миллион доллар шығын келтірген.

Осындай шабуылдардың нәтижесінде және қытай автомобильдерінің бәсекелестігінің күшеюіне байланысты Тесла акциялары 35 пайызға арзандады.

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

АҚШ пен Израильдің Иранға шабуылы

1 наурыз Иран және шет елдік ақпарат құралдары Жоғарғы көсем аятолла Әли Хаменеидің шабуыл барысында қаза тапқанын растады. Сонымен...

Израиль мен АҚШ Иранға шабуылын бастады

Фото: AP / ТАСС 28 ақпанда Израиль мен АҚШ Иранға шабуылын бастады. Израиль қорғаныс министрі Исраэль Кац «Израиль мемлекеті өзіне...

АҚШ Иран мәселесін қалай шешпек?

фото reuters АҚШ-тағы саяси ахуал: Президент Трамптың саясатын халықтың қолдауы 38 пайызға дейін төмендеді. Осы жылдың 3 қарашасында Сенат пен...