Фотоиллюстрация TIME ( Чип Сомодевилла — Getty Images; Анна Манимейкер — Getty Images)
Уақытында Трамп мұқабасында өз суретін көргісі келіп, жалған нөмерін шығарған TIME ақпараттық журналы әлемдегі ең ықпалды саясаткерлер мен кәсіпкерлердің суретін жариялайтыны белгілі. Соңғы нөмерінде журнал Илон Масктың Ақ үйдегі Сопақ зал деп аталатын президент бөлмесіндегі столда отырған суретін (фотоиллюстрация) жариялады. Бұл әрине «АҚШ-та кім президент» деген сұрақ арқылы Илон Маск өкілеттігіне қойылған сауал екені белгілі.
Журналда жарияланған мақала «Илон Масктың Вашингтонмен соғысы« деп аталады Мақалада Илон Маск жетекшілік ететін «Үкімет қызметінің тиімділігін арттыру» департаментінің (DOGE) үкімет ұйымдарына қарсы әрекеттері баяндалған. USAID талқандалды, Цифрлық қызмет тексерілуде, Білім департаменті жабылуы мүмкін, Орталық барлау қызметінің (ЦРУ)қызметкерлеріне өз еркімен жұмыстан кету ұсынылды, Федералдық тергеу бюросының 5 мыңнан астам қызметкерін жұмыстан шығаруға дайындалуда. Кезекте басқа министрліктер.
Трамптың қолдауымен басталған бұл науқанның астарында барлық негізгі мемлекеттік қызметтерге өз жақтастарын қою мақсаты көзделген. Қазіргі кезеңде миллиондаған мемлекеттік қызметкерлердің тағдыры Маск қолында. Журнал Маск тобының бұл шабуылын оның Твиттерді сатып алғаннан кейін ұйымда жұмыс істейтіндердің 80 пайызын қысқартуымен салыстырады.
Алайда осындай жағдай алдын ала белгілі болатын. Уақытында Силикон алқабындағы достарының көпшілігі оның Twitter-ді басып алуын маңыздырақ нәрсеге дайындық деп санаған еді. «Мен Маск АҚШ үкіметімен де солай істей алады деп үміттенемін», — деді қарашада TIME сұхбат берген бір әріптесі. Бірінші мерзімде Трамп әкімшілігінде жұмыс істеген ардагерлер «Жоба 2025» деп аталатын 900 беттік есепті жариялап, сайлау алдында өз жоспарларын жасаған еді. Оның жетекші авторларының бірі Рассел Воут екі жыл бұрын сөйлеген сөзінде ол ойлаған тазарту мемлекеттік қызметшілерге «ауыр соққы береді» деп сенген болатын. Ол «біз оларды қаржыландыруды тоқтатамыз, — деген болатын. «Біз оларға нұқсан келтіруді қалаймыз» деген еді».
Сонымен бірге Маск Твиттерде кадрларды қысқартуға белсенді атсалысқан Стив Дэвисті қазір Үкіметтің ақпараттық орталығын бақылауға қойды. Осы басқару жүйесі арқылы Маск барлық салаға бақылау орнатпақшы.


