HomeӘлем жаңалықтарыTelegram-ның негізін қалаушы...

Telegram-ның негізін қалаушы Павел Дуров елдердің Үкіметіне қандай ақпарат ұсынатынын айтты

АСТАНА. KAZINFORM – Telegram-ның негізін қалаушы Павел Дуров ресми парақшасында мессенджер көптеген елдің билігіне қылмыскерлердің IP-мекенжайларын жария ете алатынын түсіндірді.

Оның атап өтуінше, Telegram тиісінше заңды сауал алған кезде қажетті деректерді үнемі ұсынып отырады. Мәселен, олар 2024 жылы Бразилия билігіне 201 заңды сауал бойынша мәліметтерді берді. Үндістан компанияның ірі нарығы саналады. Компания дәл осы елдің биыл І-тоқсанда — 2 461, ІІ-тоқсанда — 2 151, ал ІІІ-тоқсанда 2 380 заңды сауалын қанағаттандырды.

Мұнан бөлек, Еуропадан да сауалдар легі арта түскен. Алайда, Павел Дуров олардың нақты санын келтірмейді.

«Түсінбестік туындатпау үшін біз өткен аптадан әртүрлі елдер үшін құпиялық саясатымызды жеңілдетіп, сәйкестендірдік. Бірақ, негізгі ұстанымымыз өзгерген жоқ. Біз барлық уақытта да жергілікті заңдарды егер ол бостандық пен құпиялық құндылықтарымызға қайшы келмесе сақтауға ұмтыламыз», — деп атап өтті ол.

Мессенджер басшысы Telegram қылмыскерлерді емес, белсенділер мен қарапайым адамдарды қорғау үшін құрылған. Павел Дуров мессенджер қылмыскерлерге платформаны теріс пиғылда пайдалануға немесе сот төрелігінен жалтаруға мүмкіндік бермейтіндігіне сендіреді. 

Telegram 2024 жылдың ішінде Қазақстан Үкіметі тарапынан деректерді ұсыну туралы бірде-бір сауал алмаған.

Еске сала кетсек, Telegram мессенжерінің негізін қалаушы Павел Дуров Францияның құқық қорғау органдарымен байланыс орнатып, Telegram қолданушылары туралы жеке басын анықтайтын ақпаратты бере бастады. 

Француз ақпарат құралдарының хабарлауынша, Павел Дуров 24 тамызда Париждің Ле Бурже әуежайында балаларға қарсы қылмысқа, есірткі саудасына және алаяқтыққа қатысы бар деген айыппен ұсталған

Илон Маск Дуровтың ұсталуын сөз бостандығына кепілдік беретін АҚШ Конституциясына енгізілген бірінші түзетудің «жарнамасы» деп атады.

Ал Telegram командасы платформадағы қиянат туралы айыптаулардың ақылға қонымсыз екенін айтты.

Еуропалық Politico басылымы Францияда Telegram негізін қалаушы Павел Дуровтың ағасы Николай Дуровқа да іздеу жарияланғанын хабарлады. 

Судья Telegram-ның негізін қалаушы Павел Дуровты кепілмен босатты

Кейіннен Дуров Францияда ұсталуына қатысты алғаш рет түсінік берді. 

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

Кашмир дауы кезекті Үндістан мен Пәкістан соғысына ұласа ма?

фото bbc.com. сайтынан алынды 2019 жыл Кашмир мәселесі – Үндістан мен Пәкістан арасындағы Кашмир аймағын иеленуге байланысты басталған күрделі және...

АҚШ Сенаты Ресейге ультиматум қойды

сенатор Линдси Грэм фото: Том Уильямс/Zuma Press Трамптың «Украина мәселесін бір күнде шешемін» деген уәдесі 100 күн ішінде жүзеге аспады. Трамптың...

Үндістан 24-36 сағаттан кейін Пәкістанға шабуыл жасауы мүмкін

фото https://oxu.az/ сайтынан алынды Пәкістанның ақпарат министрі А. Тарар Пәкістанның барлау қызметіне сілтеме жасай отырып, Үндістанның жақын арада, мүмкін алдағы...