Басты бетТехнологияNeuralink миына чип...

Neuralink миына чип орнатылған науқастың компьютер экранында курсорды ойлау күші арқылы қалай жылжытатынын көрсетті. Миында чипі бар адам қалай шахматты ойдың күшімен ойнады

Миында чип бар адам, ойының күші ғана арқылы шахмат ойнап жатқандығының желіде видеосы пайда болды – (Видео)

   АҚШ-та 29 жастағы сал (паралич) ауруына шалдыққан Нолан Арбо ойдың күшімен шахмат ойнай алды. Бұған оның миына орнатылған Neuralink чипі көмектесті. Қаңтар айының соңында оның миына чип имплантацияланды; чип операциясының алғашқы нәтижелері ақпан айында көрінді – дәлірек айтсақ, 20 ақпанда компания бұл адам компьютер тінтуірін (компьютерная мышь)  «ойлау арқылы» ғана басқаруды үйренгенін хабарлады. Нолан компьютер тінтуірін жәй «ойлау арқылы» басқаруды үйренді. Еске сала кетейік, 29 жастағы Нолан Арбо шамамен 8 жыл бұрын жол апатында иығынан төмен сал болып қалған. Бұл ер адам шахмат ойнаудан басқа, Civilization VI ойынын «сегіз сағат бойы» ойнай алғанын айтты.

   Арбо операция өте жеңіл өткендігін және келесі күні ауруханадан шығарылғандығын айта кетті. «Бұл (чип — RBC) керемет емес, мен чиппен де кейбір проблемаларға тап болдым деп айтар едім. Адамдардың бұл сәтті қорытынды деп ойлағанын қаламаймын, алда әлі көп жұмыс бар», — деді ол, бірақ имплантты миына орнату — оның өмірін сөзсіз өзгерткенін белгілеп кетті.

   АҚШ Ұлттық денсаулық сақтау институтының нейроинженерлік бағдарламасының бұрынғы директоры Кип Людвиг нәтиже жаңашыл емес деп санайды. Ол операциядан бері өте аз уақыт өткенін атап өтіп, «Neuralink-тің де, пациенттің де үйренетіні әлі көп» — деп мәлімдеді.

   Neuralink құрылғысы — бұл бас сүйегіне бекітілетін, шағын тиынның көлеміндей электродтары бар чип. Одан миға жіп тәрізді электродтар тасымалданады. Миға барлығы 1,5 мыңға дейін электрод салынады, олардың әрқайсысы адамның шашынан төрт есе жұқа. Бір 4×4 мм процессор 10 мың электродтан ақпаратты өңдейді. USB-C кабелі деректерді берудің максималды өткізу қабілетін қамтамасыз етеді. Neuralink өткен жылдың мамыр айында АҚШ медициналық реттеушілерінен адамдарға клиникалық сынақтар өткізуге рұқсат алды. Бұрын зерттеулер жануарларға жүргізілген.

    “Neuralink — ми-компьютер интерфейстерін (BCI — brain-computer interface) әзірлейтін, Илон Маск негізін қалаған компания. Neuralink-тің басты мақсаты – адам миын компьютерге немесе басқа құрылғыларға тікелей байланыстыратын технологияны жасау, бұл медицинаға, мидың компьютерлік интерфейстеріндегі инновацияларға және жасанды интеллекттің дамуына ерекше әсер етуі мүмкін. Күрделі неврологиялық ауруларды басқаруға көмектесу үшін адам миын компьютерлермен байланыстыру, компанияның негізгі идеясы болып саналады.”

   (Технологиялар және БАҚ, 21 наурыз, 13:28; rbc.ru.)

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

Украина жоспары бойынша сарапшы: Трамп Зеленскийді мәжбүрлей алмайды

Майкл Киммадж Фото DW Немецкая волна. Роман Гончаренко DW Вашингтондағы Кеннан институтының директоры Майкл Киммаджбен АҚШ президенті Дональд Трамптың бейбітшілік жоспарының болашағы...

Еуроодақ пен АҚШ арасындағы Украинаға байланысты қарама- қайшылықтар шиеленісті

Фото: Simon Dawson / No 10 Downing Street «Трамп- Путин жоспары» Еуроодақ пен АҚШ арасындағы қарама қайшылықты шиеленістіруі мүмкін. Негізгі...

Мәскеудегі АҚШ- Ресей келіссөздері нәтижесіз аяқталды

Фото Alexander Kazakov/Russian Presidential Press and Information Office/TASS 3 желтоқсан күні президент Владимир Путин мен Дональд Трамптың жоғары лауазымды өкілдері...