Басты бетҚытайҚазақстан мен Қытай...

Қазақстан мен Қытай сот саласында бірлесе жұмыс істемек

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасы Асламбек Мерғалиев бастаған делегация Қытайдың Үрімші қаласында өткен «Қытай – Орталық Азия» Жоғарғы Сот төрағаларының кеңесіне қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ Жоғарғы Соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шара трансшекаралық сот төрелігінің өзекті мәселелерін және қылмыспен күресудегі ынтымақтастықты, сондай-ақ қоршаған орта ресурстарын сот арқылы қорғауды дамытуды талқылау үшін Орталық Азия мен Қытайдың жоғары дәрежелі сот өкілдерін жинады.

Сапар барысында қазақстандық делегация құқық қорғау, сот төрелігін цифрландыру және халықаралық қылмыстармен күрес мәселелерін талқылады. Кездесу аясында ҚХР Жоғарғы халық сотының төрағасы Чжан Цзюньмен екіжақты келіссөздер жүргізіліп, оның барысында сот саласындағы ынтымақтастықты нығайту перспективалары талқыланды, — делінген хабарламада.

Кездесудің қорытындысы бойынша қатысушы елдердің сот саласындағы әріптестікті одан әрі дамыту жөніндегі ниетін бекітетін «Үрімші мәлімдемесіне» қол қойылды.

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

АҚШ пен Израильдің Иранға шабуылы

1 наурыз Иран және шет елдік ақпарат құралдары Жоғарғы көсем аятолла Әли Хаменеидің шабуыл барысында қаза тапқанын растады. Сонымен...

Израиль мен АҚШ Иранға шабуылын бастады

Фото: AP / ТАСС 28 ақпанда Израиль мен АҚШ Иранға шабуылын бастады. Израиль қорғаныс министрі Исраэль Кац «Израиль мемлекеті өзіне...

АҚШ Иран мәселесін қалай шешпек?

фото reuters АҚШ-тағы саяси ахуал: Президент Трамптың саясатын халықтың қолдауы 38 пайызға дейін төмендеді. Осы жылдың 3 қарашасында Сенат пен...