Басты бетЖаңалықтарҚазақстан мен Қырғызстан...

Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында инустриялық сауда-логистикалық кешен құру туралы келісім ратификацияланды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Қырғызстан Үкіметтері арасындағы «Қарасу» және «Ақ-Тілек» автожол өткізу пункттері ауданында индустриялық сауда-логистикалық кешенін құру және оның қызметін реттеу туралы келісімді ратификациялау туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинеті арасындағы «Қарасу» және «Ақ-Тілек» автожол өткізу пункттері ауданында индустриялық сауда-логистикалық кешенді құру және оның қызметін реттеу туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», делінген Жарлықта.

Айта кетсек, Сенаттың қарауына бұл құжат 5 қыркүйекте келіп түскен болатын. Аталған құжат инфрақұрылым нысандарын салу үшін инвестиция тарту, кешенді басқару, салық салу, валюталық бақылау және өту тәртібі сияқты мәселелерді реттейді. 

Мақұлданған заң Қазақстан мен Қырғызстан арасында өндіріс, кәсіпкерлікті қолдау және дамыту салаларындағы ынтымақтастықты арттыруға ықпал етеді.

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

АҚШ пен Израильдің Иранға шабуылы

1 наурыз Иран және шет елдік ақпарат құралдары Жоғарғы көсем аятолла Әли Хаменеидің шабуыл барысында қаза тапқанын растады. Сонымен...

Израиль мен АҚШ Иранға шабуылын бастады

Фото: AP / ТАСС 28 ақпанда Израиль мен АҚШ Иранға шабуылын бастады. Израиль қорғаныс министрі Исраэль Кац «Израиль мемлекеті өзіне...

АҚШ Иран мәселесін қалай шешпек?

фото reuters АҚШ-тағы саяси ахуал: Президент Трамптың саясатын халықтың қолдауы 38 пайызға дейін төмендеді. Осы жылдың 3 қарашасында Сенат пен...