Фото: AP / ТАСС
28 ақпанда Израиль мен АҚШ Иранға шабуылын бастады. Израиль қорғаныс министрі Исраэль Кац «Израиль мемлекеті өзіне төнетін қауіптерді жою үшін Иранға алдын ала шабуыл жасады», — деп мәлімдеме жасады. Сонымен қатар, Израиль Қорғаныс министрлігінің өкілі операция бірнеше айға жоспарланғанын және оның басталу күні бірнеше апта бұрын белгіленгенін мәлімдеді.
Иран өз кезегінде Бахрейн, Кувейт, Катар және Бірікке Араб эмираттары және Иорданияда орналасқан АҚШ әскери базаларына зымырандармен атқылады.
«Фарс» ақпарат агенттігі Иранның Исфахан, Құм, Карадж және Керманшах қалаларында жарылыстар болғанын хабарлады.
Associated Press агенттігінің хабарлауынша, Иран астанасындағы Жоғарғы көсем аятолла Әли Хаменеидің кеңсесінің жанында жарылыстар болған.


