Фото: kremlin.ru
Әлемдегі ықпалды американдық басылымның бірі — «Уолл-стрит Джорнал» —
«The Wall Street Journal» 19 желтоқсан күні «How Putin Got His Preferred U.S. Envoy: Come Alone, No CIA» деп аталатын мақала жариялады. Мақала атауын қазақ тіліне «Путин қалай өзіне ыңғайлы АҚШ елшісін тағайындатты: келіңіз, барлау органдарының өкілдерінсіз (ЦРУ)» деп аудардық. Бұл мақалада Кремльдің тұтқындағы АҚШ азаматын босата отырып,Трамптың досы, кәсіпкер, миллиардер Уиткоффты тәжірибелі дипломаттарды шеттету арқылы, ең ықпалды адамға айналдыру тарихы баяндалған.
Мақалада Ресей президенті Владимир Путин миллиардер, жылжымайтын мүлік саудасымен айналысушы және Дональд Трамптың досы Стив Уиткоффтың АҚШ-тың Ресейдегі арнайы елшісі болып тағайындалуына жасырын келіссөздер мен стратегиялық маневрлер арқылы әсер еткендігі туралы баяндалған. Бастапқыда Путин АҚШ президентінің арнайы Ресей мен Украина мәселесі бойынша өкілі генерал Кит Келлоггты Украинаға «бүйрегі бұрады» деген сылтаумен шеттетіп, оның орнына сыртқы саясатта тәжірибесі жоқ және Ресей туралы аз білетін Уиткоффты жылжыту үшін араға жүрген саясаткерлерді пайдалана отырып, осы қызметке тағайындауға қол жеткізген.
Стив Уиткофф кім?: 68 жастағы Нью-Йорктік жылжымайтын мүлік магнаты. Стив Уиткофф 1986 жылдан Трамппен таныс, оның жақын гольф серіктесі. Ол өзінің жеке басының трагедиясына қарамастан, 2011 жылы Уиткоффтың ұлы Эндрю артық дозадан қайтыс болды, Трампты алаяқтық іс бойынша жауапқа тартқанда сот процесінде оны қорғау үшін куәлік берді. Уиткоффтың Сауд Арабиясының тәж ханзадасы Мұхаммед бин Салман және Катар премьер-министрі шейх Мұхаммед бин Абдулрахман әл-Тани сияқты Таяу Шығыс көшбасшыларымен жақсы байланысы бар.
Владимир Путин Уиткоффқа қалай шықты: Путин АҚШ-тағы Трамп айналасына шығуды ертерек, Украинаға басып кіруден бұрын бастаған. Ол байланыстарды жеңілдету үшін Ресейдің егеменді байлық қорының басшысы және Кремльдің негізгі қаржыгері Кирилл Дмитриевке сүйенді. Кирилл Дмитриев АҚШ-тағы Стэнфорд (бакалавр) және Гарвард университеттерінің (магистратура) түлегі және әлемдік деңгейдегі Goldman Sachs және McKinsey & Company компанияларында жұмыс істеп, АҚШ-тың іскер адамдарымен байланыс орнатқан адам. Ол Уиткоффпен байланыс орнату үшін Сауд Арабиясының тәж ханзадасы Мұхаммед бин Салманды пайдаланған.
Уиткофф қалай таңдалды?
Путиннің стратегиясы Трамптың жақын ортасының психологиялық профильдерін қамтитын барлау есептерінен басталды. Бұл профильдер генерал Келлоггты Украинадағы бейбіт келіссөздерде Ресейдің мүдделеріне ықтимал қарсылық жасауы мүмкін адам ретінде көрсетті, бұл ішінара оның қызының Украинада орналасқан қайырымдылық ұйымына қатысуына байланысты болды. Келлоггты ауыстыру үшін Путин өзіне ыңғайлы тұлға іздеді.
2025 жылдың желтоқсанында, Уиткофф Таяу Шығысқа арнайы елші болып тағайындалғаннан кейін көп ұзамай, ол Газа және басқа да мәселелер бойынша келіссөздер жүргізу үшін Сауд Арабиясына барды. Осы кезде Сауд Арабиясының тәж ханзадасы Мұхаммед бин Салман Путиннің атынан Дмитриевтің шақыруын жеткізіп, Украина мәселесін шешуге көмек ұсынды. 2025 жылдың қаңтарында, Трамптың инаугурациясынан кейін, Дмитриев қысымды біршама күшейтті: Путин Уиткоффпен тікелей кездесуді қалады, ол «ізгі ниет белгісі» ретінде американдық тұтқын Марк Фогельді босату туралы уәдемен толықтырды. Ресейліктер сұраған кезде Сауд Арабиясының шенеуніктері Уиткоффтың Трамппен тығыз байланысын растады.
Путиннің араласуынан кейін Трамп рөлдерді тиісінше өзгертіп, Келлоггты тек Украинаға, ал Уиткоффты Ресейге байланысты өкіл ретінде 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін тағайындады. Ақ үйдің бір шенеунігі шешім тек Трамптың шешімі деп мәлімдеп, шетелдік ықпалды жоққа шығарды, бірақ уақыты жағынан қабылданған шешім Ресеймен байланыстармен сәйкес келеді.
Кездесу шарттары: «Жалғыз келіңіз, барлау органдарының өкілінсіз».
Шақыруда Уиткоффтың Мәскеуге сапарларына қатысты қатаң шарттар болды: ол ЦРУ қызметкерлерінсіз, американдық дипломаттарсыз, тіпті аудармашысыз жалғыз келуі керек еді. Уиткофф ЦРУ-дың Ресей бойынша бірнеше брифингінен бас тартты, бірақ сапар алдындағы нұсқауларды Ұлттық қауіпсіздік кеңесінен, Ұлттық барлау директорының кеңсесінен және Мемлекеттік департаменттен алды. Ол жеке ұшағымен өз есебінен іс сапарға шығып отырды, оны дипломатиялық күзет қорғап жүрді, алайда олар кездесулердің өзінде онымен бірге жүрмеді. Ол кездесулерден кейін АҚШ елшілігіндегі қауіпсіз желілер арқылы Трампқа, вице-президентке және Рубиоға есеп беріп отырды.
Уиткоффтың Мәскеуге алғашқы сапары 2025 жылдың 11 ақпанында болды, онда оны әуежайда Дмитриев қарсы алды. Путинмен үш сағаттық кездесуде ол Ресей көшбасшысының тарих дәрісін тыңдады. Уәде етілгендей, Фогель сол күні босатылды, ал Уиткофф оған үйіне оралуға көмектесті. Ал АҚШ өз кезегінде ресейлік Bitcoin компаниясының негізін қалаушысын босатты. Кейінгі сапарлар – оның алтыншысы 2025 жылдың желтоқсан айында өтті – ұзақ талқылауларды қамтыды, соның ішінде Украина шекаралары бойынша түн ортасында аяқталатын бес сағаттық сессиялар, санкцияларды жеңілдету және әскери мәселелер, болашақ сауда жобалары туралы Трамптың күйеу баласы Кушнердің қатысуымен өтті.
Уолл-стрит Джорнал, Уиткоффтың сыртқы саясаттағы роліне байланысты, соңғы 75 жылда АҚШ президентінің сенімді өкілінің қарсылас елдің басшысымен 6 рет кездескеніне ерекше мән береді.
Уиткофф келіссөздерінің нәтижелері
Уиткоффтың келісім жасау тәжірибесіне негізделген тәсілі негізінде Ресей 11 фунттық (5 кг шамалас) «Трамповка» деп аталатын уылдырықты сыйға тарту және Дмитриевтің Майамидегі Уиткоффқа сапары сияқты қимылдарға әкелді (Трамп — Путин жоспары). Трамп Уиткоффты «келісім жасау ісінің керемет шебері» деп мақтады, ал Уиткофф украин шенеуніктеріне Украинаны қалпына келтірудің 800 миллиард долларлық жоспарын ұсынды – бұл Маршалл жоспарынан төрт есе көп. Алайда Уиткофф Украинаға бір рет те бармаған елші.
АҚШ-тың бұл саясатын сынаушылар да бар. Мысалы, бұрынғы ресейлік дипломат Борис Бондарев сияқты сыншылар Путиннің дүниетанымы соғысты «қасиетті» деп санайды, сондықтан бұл Трамптың мәміле стиліне қайшы келеді деп тұжырымдайды.
Уиткоффтың дәстүрлі дипломатиялық арналарды айналып өту схемалары туралы алаңдаушылық Трамп әкімшілігінде де бар. Бірақ Рубио сияқты әкімшілік шенеуніктері Уиткоффтың жұмысын АҚШ мақсаттарын ілгерілетуде «өте тиімді» деп сипаттайды.


