Басты бетАҚШМәскеудегі АҚШ- Ресей...

Мәскеудегі АҚШ- Ресей келіссөздері нәтижесіз аяқталды

Фото Alexander Kazakov/Russian Presidential Press and Information Office/TASS

3 желтоқсан күні президент Владимир Путин мен Дональд Трамптың жоғары лауазымды өкілдері арасындағы Кремльде бес сағаттық кездесуден кейін Ресей мен Америка Құрама Штаттары Украинадағы соғысты тоқтату туралы бейбіт келісімге қол жеткізу мүмкін еместігін мәлімдеді деп хабарлайды Рейтер (Reuters) агенттігі.

Трамп Екінші дүниежүзілік соғыстан бергі Еуропадағы ең қауіпті қақтығысты тоқтату оның президенттігінің сыртқы саяси мақсаттарының бірі болғанына бірнеше рет мәлімдеді. Әзірше оның түрлі жоспарлары жүзеге аспай жатыр. Осыған орай ол Ресей президенті Путинді де, Украина президенті Владимир Зеленскийді де бірнеше рет сынға алды.

Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков Кремльдегі келіссөздерден кейін баспасөзге берген сұхбатында «Мәскеу Трамптың Украинадағы келісімге қатысты бастапқы 28 тармақтан тұратын жоспарынан басқа тағы төрт құжат алды» деп мәлімдеді. Ол туралы РБК басылымы хабарлады.

Ол бұл құжаттардың мәнін аша алмайтынын, бірақ оның айтуынша, олардың барлығы Украинадағы дағдарысты ұзақ мерзімді бейбіт жолмен шешуге қатысты екенін түсіндірді.

«Әрине, біз американдық әріптестерімізбен сол жобалардың мазмұнын, американдықтар біраз уақыт бұрын Мәскеуге ұсынған құжаттарды талқыладық. Біз бұл құжаттарды қарап шықтық және нақты тұжырымдамаларды немесе нақты ұсыныстарды талқылаудың орнына, осы американдық құжаттарда не жазылғанын талқыладық», — деді Ушаков (РИА Новости).

Ең бастысы, Ресей президенті Путин екі жақты кездесу басталар алдында баспасөзге берген сұхбатында Европаға байланысты қатаң мәлімдеме жасады. Ол «Европа соғыс бастағысы келсе біз қазір дайынбыз» деп мәлімдеді. Бұл Трамп жоспарына Еуроодақ ұсыныстарының енгенін және дәл осы баптар Путиннің ызасын келтіргенін көрсетеді.

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

Украина жоспары бойынша сарапшы: Трамп Зеленскийді мәжбүрлей алмайды

Майкл Киммадж Фото DW Немецкая волна. Роман Гончаренко DW Вашингтондағы Кеннан институтының директоры Майкл Киммаджбен АҚШ президенті Дональд Трамптың бейбітшілік жоспарының болашағы...

Еуроодақ пен АҚШ арасындағы Украинаға байланысты қарама- қайшылықтар шиеленісті

Фото: Simon Dawson / No 10 Downing Street «Трамп- Путин жоспары» Еуроодақ пен АҚШ арасындағы қарама қайшылықты шиеленістіруі мүмкін. Негізгі...

Еуроодақ  Украинаның егемендігін қорғай ала ма?

Фото: Simon Dawson / No 10 Downing Street Сейсенбі, 3 желтоқсан күні АҚШ президенті Трамптың арнайы өкілі Стив Уиткофф Ресей...