Фото: Simon Dawson / No 10 Downing Street
Сейсенбі, 3 желтоқсан күні АҚШ президенті Трамптың арнайы өкілі Стив Уиткофф Ресей президенті В. Путинмен Украина келісімін талқылайды. Әзірше күн тәртібінен түспей тұрған тақырып «территория алмасу».
АҚШ пен Ресейдің Украинаны мәжбүрлеу жоспарына тежеу қойып отырған қазір тек Еуроодақ елдері, оның ішінде Германия, Франция, Англия. Путин Трамп жоспарының мазмұны өткендегі айқай шудан кейін жабық күйінде талқылауда.
Осы шолуда Еуроодақ позициясын анықтауды жөн көрдік, ал оның ұсыныстары келіссөздерде есепке алынды ма, оны уақыт көрсетеді.
«Путин — Трамп жоспарының» желіде жариялануы Еуроодақ басшылары үшін оқыс жағдай болды. Әрине олар АҚШ -тың соғысты тоқтатуға байланысты дипломатиялық іс әрекетінен хабардар болғанымен дәл осылай, Еуроодақпен келісілмеген, Украинаны мәжбүрлеп келіссөзге қол қойдыруға арналған жасырын келіссөзден хабарсыз болатын.
Дәл осы кезеңде Еуроодақ елдерінің басшылары Оңтүстік Африка Республикасында өтіп жатқан G 20 тобына кіретін елдердің саммитіне қатысып жатқан еді.
Сол уақыттан бері не өзгерді:
- Еуроодақ елдерінің ең ірілерінің бірі Фридрих Мерц Трамппен телефон арқылы сөйлесіп, жоспарды сынға алды.
- Йоханнесбургте баспасөзге берген сұхбатында Мерц Қытайдың әлемдік саясаттағы роліне ерекше тоқталып өтті және өзінің жаңа жылдың басында Қытайға ресми сапары туралы мәлімет берді. Осы сұхбатта АҚШ- қа астарлы хабар жіберілді: АҚШ осындай мәселелерді Еуроодақпен келіспейтін болса, онда Қытаймен жақындасудан басқа амал жоқ деген идея адресатқа жеткен сияқты.
- Осыдан кейін Еуроодақ елдерінің дипломаттары Женевада өткен АҚШ — Украина келіссөздеріне белсенді қатысты және Украина позициясының күшеюіне әсер етті.
Еуропа Ресейдің негізгі ұсыныстарын жоққа шығаратын және Украинаның егемендігіне баса назар аударатын 28 тармақтан тұратын балама жоспарды (американдық жоспар негізінде, бірақ түзетулері бар) әзірледі. Еуроодақ ұсыныстарының Трамп жоспарынан негізгі айырмашылықтары:
- Егемендік және аумақтар: Украинаның егемендігі расталады (1 тармақ). Аумақтық келіссөздер майдан шебі бойынша жүргізіледі, бірақ мәжбүрлі территория алмасусыз(21-22 тармақтар). Шекараларды күшпен өзгертуге тыйым салынады және бұзылған жағдайда қауіпсіздік кепілдіктері жойылады.
- Әскери шектеулер: Украина армиясының саны Трамптың түпнұсқасындағы 600 мыңға қарсы 800 мыңға көтерілді. НАТО бейбіт уақытта Украинада әскерлерін орналастырмайды, бірақ мүшелігін жоққа шығармайды (6-8 тармақтар).
- Кепілдіктер және интеграция: Украинаға қауіпсіздік кепілдіктері беріледі (5-тармақ), соның ішінде НАТО-ның 5-бабының АҚШ пен Еуропадан алынған баламасы, яғни Украинаға шабуыл НАТО-ға шабуыл болып есептеледі. Украина ЕО-ға және мүшелік перспективасына қол жеткізе алады (11-тармақ).
- Экономика: Бұғатталған ресейлік активтер (€300 млрд) АҚШ-қа 50 пайыздық»пайдасыз» Украинаны қалпына келтіруге жұмсалады (14-тармақ). Санкциялар бейбітшілік сақталған жағдайда ғана кезең-кезеңімен алынып тасталады (13-тармақ).
- Бұл Еуропаның келіссөздерге әсер ете алатынын көрсетеді (мысалы, Женевадағы кездесулер арқылы), бірақ Трамптың жоспары әлі де күшінде және Путин еуропалық жоспарды қабылдамай, оны «негіз» ретінде мақтайды.
Еуропа қазірдің өзінде Украинаның негізгі доноры болып табылады (2022 жылдан бастап қару жарақты қосқанда 100 миллиард еуродан астам көмек берілді). Егер АҚШ көмектен бас тартқан жағдайда Еуроодақтың мынадай мүмкіндігі бар:
- Қаржыландыру: Ресейдің бұғатталған қаржылары Украинаға өтемақы төлеуге жұмсалуы мүмкін (Бельгияда 140 миллиард еуро), қайта құруға 100 миллиард еуро қосады.
- Әскери көмек: Зымырандарды, танктерді, әуе қорғанысын жеткізу (мысалы, Германиядан, Франциядан). Еуропа АҚШ-тың орнын толтыра алады- қаруды тікелей Украинадан сатып алу арқылы. Фон дер Лейен қолдау мен санкцияларды жалғастыруға уәде береді. Еуроодақтың армияны қайта құруға арналған «ReArm Еуропа» деп аталатын бағдарламасы (қорғаныс үшін 800 миллиард еуро) АҚШ-қа әскери тәуелділікті азайтады
- Интеграция: ЕО нарығына артықшылықпен қолжетімділікті қамтамасыз ету арқылы, Украинаны мүшелікке алуға жұмыстар басталды
Шектеулер:
- АҚШ-қа тәуелділік: Еуропа американдық барлауға, логистикаға және ядролық «қолшатырға» сүйенеді. АҚШ болмаса, көмек 40-50% -ға қысқаруы мүмкін.
- Ішкі келіспеушіліктер: Венгрия (Орбан) ЕО шешімдеріне тосқауыл қояды, Германия қарудан тартынуда. Украинада адами ресурстар шектеулі.
- Ресурстар: Еуропада алыс қашықтыққа ұшатын зымырандар аз; жабдықтар шектеулі. Талдау орталықтары (Carnegie, Chatham House) ескертуі бойынша Еуропа батыл шешім қабылдауға қауқарсыз болса (шығындардың өсуі), онда Украинаны «сатуға» тәуекел етеді.
Сонымен 2025 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша Еуропа Трамптың Украинаға қатысты жоспарына (көбінесе оның кесірінен «Трамп-Путин жоспары» деп аталады) қарсы тұруға айтарлықтай қабілеттілігін көрсетуде. Бірақ оның мүмкіндіктері АҚШ-қа тәуелділікпен, ішкі қайшылықтармен және ресурстық шектеулерімен шектеледі. Еуропа Украинаның егемендігін баса көрсете отырып, қарсы ұсыныстарды белсенді түрде алға жылжытуда және Киевті экономикалық және әскери қамтамасыз етумен қамтамасыз ете алады, бірақ АҚШ-тың толық қолдауынсыз ұзақ мерзімді қысымға төтеп бере алмау қаупі бар.
Перспективалар және қоғамдық пікір
Трамптың Еуропаны «ояту» жоспары АҚШ—қа сенуге болмайтындығын көрсетті. Егер ЕО бірігетін болса, кепілдіктер мен интеграция арқылы Украинаның егемендігін сақтай алады, бірақ егер Трамп жоспары жүзеге аспаса, онда соғыс созылады.
Трамп үшін де қауіпті жағдай қалыптасуы мүмкін: Өкпелеген Еуропа Қытаймен жақындасатын болса, онда ол өзінің маңызды одақтасынан айрылады. Ал Ресей АҚШ пен Қытай арасында әскери қақтығыс бола қалған жағдайда Қытайды таңдайтыны сөзсіз. Осыдан келіп маңызды сұрақ туындайды: Трамптың Путиннің айтқанын істеп шапқылауына екі себеп бар: Біріншісі, Ресейге көмектесе отырып, оны Қытайдан алыстату. Екіншісі, Трамптың ең осал жері, әлемдік «жын ойнақ» жасаған Эпштейннің хаттары Ресейдің арнаулы қызметінің қолында.
Ал Трамп армандаған Нобель сыйлығы әзірше күте тұрады.


