Басты бетӘлем жаңалықтарыИзраиль -Иран қақтығысы:...

Израиль -Иран қақтығысы: соңғы жаңалықтар

Иран зымырандары талқандаған Израиль тұрғын үйі

  • Натаньяху Иранның ядролық қару жасау бағдарламасын біраз жылдарға артқа шегердік, ендігі мақсат баллистикалық зымырандар жасайтын заводтарды талқандау деп мәлімдеді. Иранда қазіргі кезеңде 2000 жуық баллистикалық зымырандар бар. Оның бір бөлігін Ресейге берді деген ақпараттар бар.
  • Ресей президенті Путин мен АҚШ президенті Трамп Израиль мен Иран мәселесін талқылады.
  • Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ) Иранның Исфахан қаласында және Натанзадағы ядролық объектілері Изариль соққысынан зардап шеккендігін мәлімдеді. Натанзада радиация деңгейі жоғарылады.
  • Иранның ядролық объектілерінің басым бөлігі жер астында, үлкен тереңдікте орналасқандықтан негізгі соққылар объектілердің кіре берістерін талқандады.
  • Израиль армиясы Иранның батысындағы «Хамадан» және «Тебриз» авиабазаларының бомбыланғаны туралы мәлімдеді.
  • Иранның баллистикалық зымырандары Израильдің Бат Ям қаласындағы тұрғын үйді қиратып, 7 адам қаза тапты.
  • Израиль басшылығы әуе кеңістігінде толық басымдыққа ие болғандығын жариялады.
  • Германия, Ұлыбритания, Франция Иранмен келіссөздер жүргізуге дайын екенін мәлімдеді.
  • Трамп жақын арада Израиль мен Иран арасында келісімге қол жеткізуге болады деп хабарлады.
spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

АҚШ пен Израильдің Иранға шабуылы

1 наурыз Иран және шет елдік ақпарат құралдары Жоғарғы көсем аятолла Әли Хаменеидің шабуыл барысында қаза тапқанын растады. Сонымен...

Израиль мен АҚШ Иранға шабуылын бастады

Фото: AP / ТАСС 28 ақпанда Израиль мен АҚШ Иранға шабуылын бастады. Израиль қорғаныс министрі Исраэль Кац «Израиль мемлекеті өзіне...

АҚШ Иран мәселесін қалай шешпек?

фото reuters АҚШ-тағы саяси ахуал: Президент Трамптың саясатын халықтың қолдауы 38 пайызға дейін төмендеді. Осы жылдың 3 қарашасында Сенат пен...