HomeАҚШCSIS: Ресейдің әскери...

CSIS: Ресейдің әскери сәтсіздіктері

Фото: Igor Burdyga/DW

АҚШ-тың «ой фабрикаларының» бірі, 1962 жылдан бері ғылыми зерттеулермен айналысып келе жатқан Стратегиялық және халықаралық зерттеулер орталығы ( The Center for Strategic and International Studies -CSIS) Конгресс пен Ақ үйге өз ұсыныстарын өткізіп жүрген зерттеу орталығы. Зерттеу орталығы ақпараттық кеңістіктегі «Ресей жеңеді» деген ойды жоққа шығарып, Ресейдің осал жерлерін көрсеткен баяндама дайындады. Баяндама «Ресейдің әскери сәтсіздіктері» деп аталады және зерттеушілер Ресей негізгі мақсаттарына жете алмады және үлкен шығындарға ұшырады деп қорытынды жасаған.
Баяндамада Ресей сәтсіздіктеріне байланысты мынадай аргументтер келтірілген:
Бірінші, Ресей әскерлерінің Украинадағы алға жылжу жылдамдығы өте баяу болды, күніне орташа есеппен 50 метрді құрады, бұл Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде және 20 ғасырдың басқа да ірі шабуылдарынан (мысалы, Галисия, Горция, Белло Вуд, Ленинград және Курск) салыстырғанда айтарлықтай баяу болды. Тіпті Донецк облысының кей жерлерінде қарқын өте баяу болды, күніне шамамен 135 метр.
2024 жылдың қаңтар айынан бастап Ресей Украина аумағының 1%-дан азын (шамамен 5000 км²), негізінен Донецк, Луганск және Харьков облыстарының бір бөлігін басып алды. Бұл соғыстың алғашқы бес аптасындағы 120 000 км² территорияны басып алумен және 2022 жылдың көктемінде украиндықтардың 50 000 км² азат етуімен салыстырғанда өте аз.
Екіншіден, Ресей әскери техникасы үлкен шығынға ұшырады: 1150-ге жуық бронды техника, 3100 жаяу әскер машиналары, 300 өздігінен жүретін зеңбірек және 1865 танк. Бұл жоғалтулар Украинаға қарағанда айтарлықтай жоғары және арақатынас шамамен 2:1 немесе 5:1, Украинаның пайдасына.

Үшіншіден, Ресейлік соғыста өлгендер мен жарақат алғандардың саны өте жоғары, 2025 жылдың жазына қарай олар 1 миллионға жетуі мүмкін. Бүкіл қақтығыс барысында 250 000-ға жуық ресейлік сарбаз қаза тапты, жалпы алғанда ресей тарапы 950 000-нан астам адамын жоғалтты. Бұл сандар Ресейдің соңғы онжылдықтардағы басқа соғыстардағы (мысалы, Ауғанстандағы немесе Шешенстандағы) адам шығындарынан бірнеше есе жоғары, бұл науқанның өте жоғары құнын және басшылық тарапынан сарбаздар өмірі бағаланбайтынын көрсетеді.
Төртіншіден, Ресейдің соғыс барысындағы сәтсіздіктерінің себептері:
— Ресей ұшақсыз жаяу және механикаландырылған күштерге сүйенді, бұл аумақты басып алудың тиімділігін төмендетті.
— Ресей маневрлеу мен ілгерілеу үшін келісілген атыстарды тиімді пайдалана алмады.
— Украина Ресейдің шабуылын қиындатқан терең, қабатты қорғанысты қолданды.
Зерттеуде АҚШ санкцияларының күшеюі және Украинаға әскери көмекті жалғастырған жағдайда Ресей шығындарды арттыруға мәжбүр болады және бейбіт келіссөздердің басталуына ықпал ету мүмкіндігі ерекше атап өтілді.
Бейбіт келіссөздерге Ресейді екі себеп мәжбүрлеуі мүмкін.
Біріншісі, экономикалық осалдық: Ресей бюджет кірісінің 50%-ын құрайтын мұнай-газ секторына қатты тәуелді. Санкциялардың ұлғаюы, әсіресе энергетика секторына және басқа да маңызды экспортқа, ел экономикасына ауыр зиян тигізуі мүмкін. Мысалы, қайталама санкциялар мұнайдан түсетін кірісті 20%-ға қысқартуы мүмкін, ал Ресейдің 300 миллиард долларға жуық тыйым салынған активтері Украинаға көмектесу үшін пайдаланылуы мүмкін.
Екінші, ұзақ уақытқа созылған соғыстың құны: Ресейдегі жоғары шығындар мен жоғалтулардың жалғасуы Путиннің ел ішіндегі  қолдауына нұқсан келтіруі мүмкін. Украина АҚШ-тан күрделі қару-жарақ жүйелері мен барлауды қоса алса, Ресей қиыншылықтары мен шығындары көбейе түседі. Украинадағы соғыстың Ирактағы немесе Ауғанстандағы қақтығыстардан айырмашылығы, Америка Құрама Штаттары өз әскерін жоғалтпайды, бірақ Украинаға көмек Ресейдің жауынгерлік операцияларын қиындатады.
Ресейдің осындай осалдықтарына қарамастан, Америка Құрама Штаттары әлі де барлық қысым жасау тетіктерін пайдаланбай отыр, ал Путиннің бар арманы АҚШ-тың Украинадан бас тартуы және қақтығысты ұзарту арқылы украиндарды әбден қалжыратып, өз талаптарын орындату.

Редкациядан: Трамп Ресейге санкция қолдануды кейінге қалдыру керек деп отыр. Ал сенатор Линдси Грэм өзі дайындаған заң жобасын қабылдауға Конгресс пен Сенат дайын екенін айтуда. Бұл жоба Ресей мұнайын сатып алушыларыға 500 пайыздық салық салуды заңдастырады. Оның Европаға сапары барысында Еуроодақ басшылары оның бастамасын қолдау білдірді.

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

Израиль-Иран соғысы қашан аяқталады?

Фото Би-би-си сайтынан алынды Біз өткен жолы жариялаған мақаламызда Израиль-Иран соғысы ұзаққа созылмайды деп болжам жасаған едік. Қазіргі жағдайда  соғыстың...

Израиль -Иран қақтығысы: соңғы жаңалықтар

Иран зымырандары талқандаған Израиль тұрғын үйі Натаньяху Иранның ядролық қару жасау бағдарламасын біраз жылдарға артқа шегердік, ендігі мақсат баллистикалық...

Израиль- Иран :Таңғы жаңалықтар

фото Reuters Израиль премьер-министрі Натаньяху Иран азаматтарын билікке қарсы шығуға шақырды 1979 жылы төңкерістің нәтижесінде биліктен кеткен шах Пехлевидің...