HomeАҚШШикізат: бағаласаң байлығың,...

Шикізат: бағаласаң байлығың, бағалай білмесең сорың

Заңсыз кобальт өндіру шахтасы Фото Bloomberg

Bloomberg Конго Демократиялық Республикасы АҚШ пен Қытай арасындағы шикізат үшін күрес алаңына айналғаны туралы мақала жариялады. Мақалада Конго басшылығының кобальт экспортына тыйым салуы арқылы бағаны көтеруге әрекеті талданған. Осы мәселеге талдау жасаған журналистер «Конго арқан үстіндегі цирк артисі» сияқты деп мәселенің өте күрделі екендігіне көңіл бөледі. Конгода шикізат өндіру және өңдеу саласында Қытай өзінің маңызды инвестициясы мен технологиялық күшімен бұл салада АҚШ-тан алда келеді. Сондықтан да бұл маңызды пайдалы қазбалардың әлемдік нарыққа жеткізу тізбегін Қытайдың бақылауы ұзақ мерзімді стратегияның нәтижесі деп қабылдау керек.
Европаның ірі компаниялары «Кобальтты Сауд Арабиясы» деп атаған Конго Демократиялық Республикасына қаржы салуға элита аралық күрестің былығына батқан, білімсіздік пен кедейшілік жайлаған елден қорыққан болатын. Ал жиырма жылға жуық уақыт ішінде Қытай Конгоның мыс белдеуіндегі ресурстық бизнестің барлық деңгейіне енді: жол бойындағы ұсақ металл саудагерлерінен бастап көтерме саудагерлерге және 2023 жылы швейцариялық Glencore Plc-ті жұтып қойғаннан кейін әлемдегі ең ірі кобальт өндірушісі — Шанхайда орналасқан CMOC сияқты халықаралық компанияларға айналды.
CMOC кобальт экожүйесінің өнеркәсіптік бөлігін дамытуда әлемдегі ең белсенді компаниялардың бірі болып табылады. Ол 1969 жылы мемлекеттік молибден өндірушісі ретінде басталды және Австралияға, Бразилияға және әсіресе Конгоға инвестициялау үшін кеңейтілді. 2016 жылы ол Тенке-Фунгуруме кенішін сатып алып, ірі ойыншылардың біріне айналды, ал 2022 жылы әлемдегі ең ірі Кисанфу кобальт кенішін пайдалануға берді.
CMOC нарыққа айтарлықтай әсер етіп, тау-кен секторында орасан зор күш көрсетті. Жобаны салу және орналастыру жылдамдығы бәсекелестерді таң қалдырды, әсіресе кобальт бағасының құлдырауын ескере отырып, шамамен 75% -ға құлдырап, Конгоның кірісіне қатты әсер етіп, өндірістің артуына қарамастан роялтиді 40% дерлік төмендетті.
Қытайдан инвестиция келмеген жағдайда Конго онжылдықта мыс пен кобальт өндірісін үш есеге арттыра алмас еді, тек CMOC 2016 жылдан бері өз кеніштеріне шамамен 9 миллиард доллар инвестициялады. Елде кобальт пен мыс бірге өндіріледі. Халықаралық валюта қорының мәліметі бойынша, мыс пен кобальт экспорты Конгоның ЖІӨ-нің шамамен 40%-ына тең. Қытай мен Конго арасындағы сауда көлемі 2024 жылы шамамен 27 миллиард долларды құрады, ал Конгоның Америка Құрама Штаттарымен саудасы сол кезеңде небәрі 820 миллион долларды құрады.
Конгоның Вашингтонға бет бұруына екі себеп әсер етіп отыр. Біріншісі, Қытай компанияларының кобальтты көп өндіруіне байланысты бағаның төмендеуі, яғни 2022 жылдың мамыр айындағы бағамен салыстырғанда шамамен 75% төмендеп, ақпанда фунт үшін 10 доллардан төмен түсті. Конгоға қаржылық соққы айтарлықтай болды, кобальт гидроксиді өндірісінен роялти 2023 жылы 40% пайызға төмендеп, 409 миллион доллар көлемінде зиян шекті. Дегенмен, бағаның төмендеуі қытайлық аккумулятор өндірушілері үшін жақсы жаңалық болды. Contemporary Amperex Technology Co. Ltd. немесе CATL, электр көліктерінің аккумуляторларының әлемдегі ең ірі өндірушісі, CMOC-тың төрттен біріне және Кисанфу кенішіндегі 25% үлеске ие болды.
Вашингтон сәуір айында Бейжіңге бағытталған жаһандық сауда соғысын бастамас бұрын, Конго АҚШ-қа қауіпсіздік үшін пайдалы қазбалар туралы мәмілені ұсынды. Себебі сол кезде Украинамен жасалған келісім Конго басшыларын ерекше ынталандырған еді. Теориялық тұрғыдан бұл американдық компанияларға Конгоның пайдалы қазбаларына қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Екінші себеп, бұл елдің шығысындағы қақтығысты тоқтату үшін АҚШ тарапынан қолдауға ие болу. Себебі көршілес Руанданың қолдауымен көтерілісшілер тобы екі ірі қала мен бірнеше алтын, қалайы және тантал өндіретін аймақтарды басып алған еді. Шабуыл Чисекеди үкіметіне үлкен қауіп төндірді.
Міне осы жанжалды шешуге АҚШ белсенді араласты. Конго мен Руанданың сыртқы істер министрлері сәуір айының соңында Вашингтонға АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио куәландырған «принциптер декларациясына» қол қою үшін барды, ол екі тарапты бейбіт келісімге келуге міндеттеді. Трамптың Африка бойынша аға кеңесшісі Массад Булос 17 сәуірде Чисекеди екеуі «пайдалы қазбалар жөніндегі келісімді талқылап, АҚШ-тың халықаралық даму қаржы корпорациясы» сияқты институттарына Конгоның тау-кен секторы мен инфрақұрылымына жеке инвестицияларды қолдауға мүмкіндік беру мәселесін келіскенін» айтты.
АҚШ Мемлекеттік департаменті мәміленің мақсаты туралы ашық айтты: Пекинді негізгі минералдар мен металдарға қол жеткізуді шектеді деп айыптады: «Қытайдың маңызды минералды жеткізу тізбегін бақылауы АҚШ-тың өнеркәсіптік және технологиялық әлеуетіне айтарлықтай қауіп төндіреді және оны жалғастыра алмайды» — деді Мемлекеттік департаменттің өкілі.
Қытай үкіметі бұл мәлімдемелерге қарсы. «Халықаралық қоғамдастық кімнің нөлдік қосынды ойындарын ойнап жатқанын және қақтығыстан кім пайда тауып жатқанын анық көріп отыр», — делінген елдің сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде. Онда Қытайдың Конгодағы рөлі «ашық, мөлдір және заңды» болғаны айтылған.
Өз байлығын өзі өндіріп, өзі өңдей алмаған халықтар біртіндеп алпауыт елдердің шикізат базасына айналады. Андре Вамесо, Чисекедидің экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары, кобальт өндіруге уақытша тиым салу «кеңірек стратегияның» бір бөлігі екенін айтты. «Конго — басқа экономикаларды дамыту үшін адамдар шикізат алуға келетін ел ретінде қарастырылады», — деді президент кеңесшісі елдің резеңкеден гауһарға дейінгі ресурстары оның халқының әл-ауқатын жақсарта алмағанын ерекше атап өтті. «Біз жаңа революцияның келе жатқанын түсінеміз. Бұл энергетикалық ауысу, жасыл революция. Алайда тағы да осы өнеркәсіптік революцияға қызмет ететін шикізат Конгода» деді Андре Вамесо.
Редакциядан: Конго Демократиялық Республикасы территориясы бойынша әлемде 11 орында, халық саны -110 миллион. ДКР ЖІӨ 52 миллиард АҚШ долларын құрайды, жан басына шаққандағы табысы — 600 АҚШ доллары. 2019 жылғы мемлекеттік бюджет 5,9 млрд АҚШ долларын құрады. Жұмыссыздық деңгейі шамамен 35% құрайды. Адам дамуы индексі бойынша (БҰҰДБ-ның 2019 жылғы есебі бойынша) ел 189 елдің ішінде 179-шы орында.

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

Израиль-Иран соғысы қашан аяқталады?

Фото Би-би-си сайтынан алынды Біз өткен жолы жариялаған мақаламызда Израиль-Иран соғысы ұзаққа созылмайды деп болжам жасаған едік. Қазіргі жағдайда  соғыстың...

Израиль -Иран қақтығысы: соңғы жаңалықтар

Иран зымырандары талқандаған Израиль тұрғын үйі Натаньяху Иранның ядролық қару жасау бағдарламасын біраз жылдарға артқа шегердік, ендігі мақсат баллистикалық...

Израиль- Иран :Таңғы жаңалықтар

фото Reuters Израиль премьер-министрі Натаньяху Иран азаматтарын билікке қарсы шығуға шақырды 1979 жылы төңкерістің нәтижесінде биліктен кеткен шах Пехлевидің...