HomeӘлем жаңалықтарыКашмир дауы кезекті...

Кашмир дауы кезекті Үндістан мен Пәкістан соғысына ұласа ма?

фото bbc.com. сайтынан алынды 2019 жыл

Кашмир мәселесі – Үндістан мен Пәкістан арасындағы Кашмир аймағын иеленуге байланысты басталған күрделі және ұзақ уақытқа созылған дау. Қазіргі кезеңде Кашмир аймағын үш мемлекет иеленіп отыр: Үндістан, Пәкістан және Қытай.
1947 жылы «Британдық Үндістан» деп аталған ағылшын отары негізінде екі мемлекет -Үндістан мен Пәкістан пайда болды. Осы уақытта бұрынғы отар аймақта өмір сүрген ұсақ князьдіктерге кез келген елге қосылу немесе тәуелсіз болып қалу таңдауы берілді. Кашмир, негізінен мұсылмандар өмір сүргеніне қарамастан, индус Махараджа Хари Сингх басқаратын князьдік мемлекет болды. Махараджа Хари Сингх бастапқыда тәуелсіз болып қалуға шешім қабылдады. 1947 жылы қазанда Пәкістан қолдады деп болжанған пуштун тайпалары Кашмирге басып кірді. Осы кезеңде Махараджа Үндістаннан көмек сұрап, ресми түрде осы елге қосылу туралы құжатқа қол қойды. Содан кейін Үндістан шабуылға тойтарыс беру үшін әскер жіберді. Бірінші Үнді-Пәкістан соғысы (1947-1948) Біріккен Ұлттар Ұйымының араға түсу нәтижесінде атысты тоқтату және Кашмирді екі бөлікке бөлумен аяқталды: БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Кашмир халқына өз болашағын анықтауға мүмкіндік беру үшін плебисцит өткізуге шақыратын бірнеше қарар қабылдады. Алайда бұл плебисцит Үндістан мен Пәкістан арасындағы келіспеушіліктерге байланысты ешқашан өткізілмеді. Кашмир 1965 және 1971 жылдардағы Үндістан мен Пәкістан арасындағы кейінгі соғыстарға да себеп болды. 1980 жылдардың аяғынан бастап Үндістан басқаратын Кашмир тәуелсіздікке немесе Пәкістанмен қосылуға ұмтылған белсенді қарулы көтерілістің орнына айналды. Үндістан Пәкістанды осы содырларды қолдады деп айыптайды, Пәкістан оны жоққа шығарады.
Үндістан Конституциясының 370-бабына сәйкес Джамму мен Кашмирге ерекше автономиялық мәртебе берді, оның өз конституциясы, туы және заңдары (қорғаныс, сыртқы істер және коммуникация салаларынан басқа) болуына мүмкіндік берді. Алайда осы бапты Үндістан үкіметі 2019 жылдың тамыз айында алып тастады, бұл шиеленістің күшеюіне және аймақтың саяси ландшафтының өзгеруіне әкелді. 22 сәуір күні жасалған террористік шабуылды 2019 жылы пайда болған «Қарсылау майданы» деп аталатын ұйым жасады деп айыпталуда.
Соңғы шиеленістің себебі: Үндістан бақылау жасайтын Кашмирдегі танымал туристік орын Пахалгамда жақында террористік шабуылды белгісіз біреулер ұйымдастырды. Қарулы адамдар келушілерге оқ жаудырып, кем дегенде 26 адамды өлтірді — біреуі Непал азаматы, басқалары Үндістаннан — 17 адам жараланды. Бұл шабуыл аймақтағы шиеленісті одан әрі күшейтті, Үндістан Пәкістанды террористерді қолдады деп айыптап, екі ел арасындағы су туралы келісімді тоқтатты. Пәкістан да Үндістанның әрекетін айыптап, 24 сәуір күні Ұлттық қауіпсіздік кеңесі Инд сулары туралы келісімге сәйкес су ағынын тоқтату немесе бұру әрекеті «соғыс актісі» ретінде қарастырылатынын ескертті.
Екі ел арасындағы «Инд сулары туралы келісім» 1960 жылы Дүниежүзілік банк делдалдығымен жүргізілген көп жылдық келіссөздерден кейін қол қойылған, әлемдегі ең ұзақ мерзімді трансшекаралық су келісімдерінің біріне айналды. Келісім Инд бассейнінің алты өзенін екі елге бөлді. Үндістан үш шығыс өзендерін алды (Рави, Беас және Сутлеж). Пәкістан ортақ бассейндегі судың негізгі бөлігін (шамамен 80%) құрайтын үш батыс өзенді (Инд, Джелум және Ченаб) алды.
Ал Пәкістанның «Dawn» газетінде жарияланған Тафтса университетінің доценты Хассан Ф. Ханның мақаласында Инд суларын бірігіп пайдалану туралы келісімді тоқтату бірден әскер етпейді, бірақ болашақта су режимінің өзгеруі Пәкістанның бүкіл егіншілік жүйесіне әсер етеді деген пікір бар.
Рейтер агенттігі Үндістан тарапы террористерге байланысты қатаң шара қабылданып жатқанын (үйлерін сүріп тастау, кәсіпкерлегін тоқтату және т.б.) және шекарада атыс болып жатқанын хабарлады.
Индияның бұл әрекетінің нашар жағы- осындай жанжалдар барысында Қытай да дәл осындай шара қолданатын болса, онда Кашмирдің қытайлық бөлігінен бастау алатын өзендердің бөгелуі Үндістанда су мәселесін тудыруы мүмкін.

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

Израиль-Иран соғысы қашан аяқталады?

Фото Би-би-си сайтынан алынды Біз өткен жолы жариялаған мақаламызда Израиль-Иран соғысы ұзаққа созылмайды деп болжам жасаған едік. Қазіргі жағдайда  соғыстың...

Израиль -Иран қақтығысы: соңғы жаңалықтар

Иран зымырандары талқандаған Израиль тұрғын үйі Натаньяху Иранның ядролық қару жасау бағдарламасын біраз жылдарға артқа шегердік, ендігі мақсат баллистикалық...

Израиль- Иран :Таңғы жаңалықтар

фото Reuters Израиль премьер-министрі Натаньяху Иран азаматтарын билікке қарсы шығуға шақырды 1979 жылы төңкерістің нәтижесінде биліктен кеткен шах Пехлевидің...