Басты бетӘлем жаңалықтарыҮндістан 24-36 сағаттан...

Үндістан 24-36 сағаттан кейін Пәкістанға шабуыл жасауы мүмкін

фото https://oxu.az/ сайтынан алынды

Пәкістанның ақпарат министрі А. Тарар Пәкістанның барлау қызметіне сілтеме жасай отырып, Үндістанның жақын арада, мүмкін алдағы 24-36 сағат ішінде Пәкістанға қарсы әскери операция бастауды жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Бұл Үндістан иелігіндегі Кашмирдің Пахалгам қаласындағы террористік шабуылдан кейін Пәкістанды айыптау негізінде қалыптасқан шиеленісті жағдайдың нәтижесі. Пәкістан жағы өздерінің бұл террористік шабуылға қатысы жоқтығын мәлімдеп, қарсы жақтың қолында ешқандай дәлел жоқ деп отыр.
Премьер-министр Моди Үндістан әскеріне Пахалгамдағы лаңкестік әрекетке жауап беру туралы шешім қабылдауға толық еркіндік берді. Ол армия мен қауіпсіздік агенттіктерімен жабық кездесу өткізіп, тез әрі батыл әрекет ету керектігін тапсырды. Сондай-ақ Үндістан мен Пәкістанның бес күннен бері бақылау сызығы бойында жиі атыс болып жатқаны хабарланды. Пәкістан өзінің әуе кеңістігін бұзды деп айыптап, үнділік ұшқышсыз ұшақты атып түсіргенін мәлімдеді.
Екі ядролық қаруы бар елдің жанжалы соғысқа ұласып кетпеуі үшін БҰҰ, АҚШ, Қытай және аймақтағы Иран, Сауд Аравиясы бітімге шақыруда.

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

АҚШ пен Израильдің Иранға шабуылы

1 наурыз Иран және шет елдік ақпарат құралдары Жоғарғы көсем аятолла Әли Хаменеидің шабуыл барысында қаза тапқанын растады. Сонымен...

Израиль мен АҚШ Иранға шабуылын бастады

Фото: AP / ТАСС 28 ақпанда Израиль мен АҚШ Иранға шабуылын бастады. Израиль қорғаныс министрі Исраэль Кац «Израиль мемлекеті өзіне...

АҚШ Иран мәселесін қалай шешпек?

фото reuters АҚШ-тағы саяси ахуал: Президент Трамптың саясатын халықтың қолдауы 38 пайызға дейін төмендеді. Осы жылдың 3 қарашасында Сенат пен...