HomeӘлем жаңалықтарыӘзірбайжан мен Армения...

Әзірбайжан мен Армения неге келісімге келе алмады?

фото Анадолу агенттігі
Армения мен Әзірбайжан бітімгершілік келісімнің соңғы мәтіні бойынша келісті, бірақ іргелі мәселелер бойынша келіспеушіліктерді реттей алмағандықтан, бейбітшілікке әлі алыстау деп хабарлайды BBC News. Сарапшылар Ресей жағдайды пайдаланып, аймақтағы ықпалын қалпына келтіруі мүмкін деп қауіптенеді.

Наурыздың 13-і күні Ереван мен Баку бітімгершілік келісім бойынша төрт жыл жұмыс істегеннен кейін соңғы екі даулы мәселе бойынша келіскендерін хабарлаған еді.
Алайда Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев бейбіт келісімге қосымша шарттарын ұсынды: Армения конституциясына өзгерістер енгізу және ЕҚЫҰ-ның Минск тобын тарату. Ереван екі талапқа да көнуге дайын, бірақ негізгі заңды өзгерту үшін референдум өткізу керек, алайда оның нәтижесін болжау қиын.

Екі ел арасындағы бітімгершілікке қарамастан, сарапшылар бұл процесті кейінге қалдыру бейбітшілікке қол жеткізу мүмкіндігін жояды деп дабыл қағуда. Ірі жеңілдіктерге дайын Арменияның билік партиясы жергілікті сайлауда қолдауын жоғалтып жатыр, ал оппозиция агрессивті.

Армения мен Әзірбайжандағы бақылаушылар да Ресей келіссөзге араласуы мүмкін деп алаңдайды. Ресей Украинаға жаппай басып кіре бастаған кезде Оңтүстік Кавказға қызығушылығын азайтқан болатын, ал Киевпен атысты тоқтату келісіміне қол жеткізгеннен кейін аймаққа қайта оралуға тырысуы мүмкін.

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

Израиль-Иран соғысы қашан аяқталады?

Фото Би-би-си сайтынан алынды Біз өткен жолы жариялаған мақаламызда Израиль-Иран соғысы ұзаққа созылмайды деп болжам жасаған едік. Қазіргі жағдайда  соғыстың...

Израиль -Иран қақтығысы: соңғы жаңалықтар

Иран зымырандары талқандаған Израиль тұрғын үйі Натаньяху Иранның ядролық қару жасау бағдарламасын біраз жылдарға артқа шегердік, ендігі мақсат баллистикалық...

Израиль- Иран :Таңғы жаңалықтар

фото Reuters Израиль премьер-министрі Натаньяху Иран азаматтарын билікке қарсы шығуға шақырды 1979 жылы төңкерістің нәтижесінде биліктен кеткен шах Пехлевидің...