Ислам революциясы Сақшылар корпусының жауынгерлері (IRGC)
фото https://amalantra.ru сайтынан
Сәуірдің 10-ы (Reuters) — Иран мен Армения ортақ шекара бойындағы екі күндік әскери жаттығуларды бейсенбіде аяқтауда. Бұл Иранның ядролық бағдарламаларына қатысты шиеленіс пен Армения мен Әзірбайжан арасындағы қақтығыстар тұсында орын алып отыр.
Арменияның Қорғаныс министрлігі екі елдің арнайы күштері қатысатын жаттығулары ортақ шекараның екі жағында 44 шақырымдық кеңістікте өтетінін хабарлады.
Мәлімдемеде екі тарап шекара бекеттеріндегі «симуляцияланған лаңкестік топтардың шабуылдарына» жауап беруге эаттығатыны айтылған. Иранның мемлекеттік ақпарат құралдары Ислам революциясы Сақшылар корпусы өкілінің сөзіне сілтеме жасап: «Бұл жаттығулардың мақсаты екі елдің ортақ мүдделеріне негізделген шекара қауіпсіздігін нығайту болып табылады»-деп хабарлады.
Соңғы жылдары Батысқа жақындай түскен Армения соған қарамастан ядролық амбициясы үшін Батыс елдерімен қайшылыққа түскен Иранмен жылы қарым-қатынаста.
Арменияның көршілес Әзірбайжан және Түркиямен шекаралары отыз жылдан астам уақыт бойы жабық болды, бұл оның Иранмен таулы шекарасының үлкен экономикалық маңызды аймақ ретінде бағалайтыны белгілі. Себебі Әзірбайжан Армениядан өзінің оқшау тұрған эксклавы Нахчыван және оның одақтасы Түркиямен байланыстыратын осы шекаралық аймақ арқылы дәліз беруді талап етті. Өткен айда Армения мен Әзірбайжан қақтығысты тоқтату үшін бітімгершілік келісімінің мәтініне келіскендерін айтты, бірақ содан бері олар бірін-бірі шекарада бірнеше атыс болды деп айыптауда.
Армения соңғы жылдары Батыспен байланысын тереңдете түсті, ал дәстүрлі одақтасы Ресеймен қарым-қатынасы нашарлады, кейбір армяндар Мәскеуді өздерін Әзірбайжаннан қорғай алмады деп айыптады.