HomeӘлем жаңалықтары«Катаргейт» Израильде саяси...

«Катаргейт» Израильде саяси дағдарыстың күшеюіне  әсер ете ме?

 

«Катаргейт» ісі 2025 жылы Израильдегі ең танымал қаржылық жанжалдардың біріне айналып, ұлттық және халықаралық БАҚ-тың назарын аударды. Бұл Хамастың одақтасы және демеушісі Катар мен премьер-министр Биньямин Нетаньяхудың жақын ортасы арасындағы ықтимал байланыстарға қатысты. Ақпарат құралдарында Катар ХАМАС-ты демеуші елдердің бірі және 1,8 миллиарды қаржылық көмек көрсетті деген мәлімет бар.

Ал енді Израильдің Катармен дипломатиялық қарым-қатынасы жоқ, бірақ екі ел 1996 жылы сауда қарым-қатынастарын орнатты, бұл 2009 жылға дейін созылды, Доха Израиль мен Газа арасындағы алдыңғы шайқаста қатынастарды тоқтатты.

ХАМАС-тың соңғы шабуылы кезінде қолға түскен израильдіктерді босатуға байланысты келіссөздерге Катар араласты. Міне осындай қарым-қатынасы шиеленісті елден премьер-министрдің көмекшілері пара алды деген айыппен тұтқынға алынды. Оқиға барысы былай басталды және жалғасты:

Бас прокурор Гали Бахараб-Мира қауіпсіздік органдарына Израиль үкіметіне жақын адамдардың Катармен ықтимал байланыстары туралы хабарламалардан кейін 2025 жылдың ақпан айының соңында тергеуді бастауды тапсырды.

2025 жылдың 31 наурызында Нетаньяхудың аға кеңесшісі Йонатан Урих пен бұрынғы әскери өкілі Эли Фельдштейн шетелдік агентпен байланыста болды, алаяқтық жасады, ақшаны жымқырды және пара алды деген күдікпен қамауға алынды.

2025 жылы 31 наурызда Иерусалимдегі кеңсесінде Нетаньяхудан Ауыр қылмыстар бөлімінің тергеушілері жауап алды. Жауап алуды бұрын Нетаньяхуға қарсы басқа істермен жұмыс істеген полиция полковнигі Моми Мешулам жүргізді. Нетаньяху күдікті емес, ақпараты бар адам ретінде куәлік берді.

2025 жылдың 1 сәуірінде Ришон ЛеЗион магистратурасының соты полицияның өтініші бойынша мән-жайларды көрсете отырып, Уриха мен Фельдштейнді қамауда ұстау мерзімін тоғыз күнге ұзартады.

2025 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша, 2025 жылдың 10 сәуіріне дейін күшінде болатын, ақпаратқа қол жеткізуді шектейтін, істің егжей-тегжейлері туралы жарияланымдарға қатаң шектеу қойылды.

Соңғы апталарда Нетаньяху кеңсесі мен Катар арасындағы байланыстарды тексеру Нетаньяхудың бұрынғы баспасөз хатшысы Эли Фельдштейн Катар үшін Доха жалдаған халықаралық фирма арқылы жетекші израильдік журналистерге Катарды қолдайтын материалдармен қамтамасыз ету үшін жұмыс істеді деген хабарлардан кейін күшейе түсті.

Оппозиция Израильдің премьер-министрі Нетаньяхуды осы жанжалды жабуға тырысып отыр деп айыптады. Олар Нетаньяху Жоғарғы Соттың қарсылығына қарамастан Израильдің Шин Бет деп аталатын барлау және қауіпсіздік қызметінің басшысы Ронен Барды қызметінен босатты деп айыптап отыр. Себебі Ронен Бар тергеуді Бас прокурормен бірігіп бастаған болатын. Бұқаралық ақпарат құралдары Нетаньяху  Бас прокурор Гали Бахараб-Мираны да қызметінен босатуға ұмтылып отыр деп жазуда. Бүгін Нетаньяху барлау және қауіпсіздік қызметіне жаңа адамды тағайындауды кейінге қалдырды деген ақпарат жарияланды. Соған қарағанда  тергеуден соң Нетаньяху жағдайды шиеленістіргісі келмей отырған сияқты. Енді 10 сәуірден кейін көп нәрсе белгілі болады және оппозиция Нетаньяху үкіметін отставкаға кетуін талап етуі мүмкін.

 

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

Зеленский Қырымды беруден бас тартты

Фото: EPA Сәрсенбі күні Лондонда өтуге тиіс келіссөздерге АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марк Рубио бармайтын болды. Басты себеп- 22 сәуір күні...

        Путин келіссөздерге дайын екенін мәлімдеді

 21 сәуір күні Ресей президенті Владимир Путин соғыс басталғаннан бері алғаш рет Украинаға екіжақты келіссөздер жүргізуді ұсынды деп хабарлайды...

Рим Папасының сайлауына американдық үміткер қатыса ала ма?

Ватикан   фото Фейсбуктен алынды Дүниедегі ең ықпалды қаржылық, талдау және ақпараттық платформалардың бірі - Bloomberg  Рим Папасын сайлау туралы мақала...