Басты бетЖаңалықтарФранцияда 2027 жылғы...

Францияда 2027 жылғы президенттік сайлауға үміткер сотталды

Фото: Stephanie Lecocq/REUTERS
Немецкая волна 31 наурыз
Францияның әсіре оңшыл «Ұлттық бірлестік» (RN) партиясының парламенттік тобының жетекшісі Марин Ле Пен Еуропа Одағының сегіз депутаты және 12 парламенттік көмекшісімен бірге Еуропалық Одақ қаржысын жымқырды деген күдікпен жауапқа тартылған болатын. Париждің түзеу соты наурыздың 31-і күні бұл топты айыпты деп шешім шығарды. Ле Пен төрт жылға бас бостандығынан айырылды, оның екеуі шартты түрде, ал қалған екі жылы электронды білезік тағуға мәжбүрлейді. Сондай-ақ оған бес жыл бойы сайланбалы қызмет атқаруға тыйым салынады, бұл оның 2027 жылғы президенттік сайлауға қатысуына кедергі келтіреді.
Сот процесі 2024 жылдың қыркүйегінде басталып, барлығы 27 адамға, соның ішінде 2025 жылдың қаңтарында қайтыс болған Ле Пеннің әпкесі мен оның әкесі Жан-Мари Ле Пенге айып тағылуда. Ле Пен және басқалар ЕО қаражатын теріс пайдаланды және партияны қаржыландыру үшін жалған көмекшілерді жалдады деп айыпталған. Жалпы заңсыз жұмсалған қаржы шамамен 7 миллион еуроны құрады. Еуроодақтың қаржысына жұмысқа алынған көмекшілер депутаттарға бекітілмей, партия аппаратында жұмыс істеген.
Ле Пен заңсыздықты жоққа шығарып, көмекшілер белгілі бір депутаттарға бекітілмегенін, бірақ олар ортақ пулда екенін айтты. Ол сондай-ақ бұл айыптардың саяси астары бар және оның Франция президенті болуына кедергі келтіруге бағытталған деп мәлімдейді.

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

Трамп Иранға шабуылдан бас тартты. Алайда әскери дайындық жалғасуда.

фото Эвелин Хокштейн/Рейтер AFP ақпарат агенттігі Сауд Арабиясының жоғары лауазымды шенеунігіне сілтеме жасай отырып, Сауд Арабиясы, Катар және Оман...

АҚШ шамамен 24 сағаттан кейін Иранға шабуыл жасауы мүмкін

фото © REUTERS  Stringe Рейтер. 14 қаңтар. Рейтер агенттігі Европалық және Израильдегі дереккөздерге сүйене отырып АҚШ 24 сағаттың ішінде Иранға шабуыл...

АҚШ Венесуэлаға шабуыл жасады. Мадуро тұтқындалды.

Фото: STR/AFP 3  қаңтар күні АҚШ әскерлері көрші Венесуэланың астанасы Каракасқа шабуыл жасап, заңсыз билікте деп саналған президент Мадуроны әйелімен тұтқындап,...