Басты бетЖаңалықтарСауд Арабиясындағы американ-украин...

Сауд Арабиясындағы американ-украин келіссөздері аяқталды

Сауд Аравиясындағы АҚШ пен Украина арасындағы келіссөз аяқталды. Оның нәтижесі туралы Украина президентінің Офисі мәлімдеме жариялады.
Келіссөз нәтижесінде Украина АҚШ-тың 30 күндік уақытша атысты тоқтату туралы ұсынысына келісіп, Ресей белгілі бір шарттарды орындаған жағдайда тараптардың келісімімен бұл мерзім ұзартылуы мүмкін деп есептейді.
АҚШ Ресейге қабылданған шешімді хабарлайды және соғысушы екі жақтың өзара әрекеті бейбітшілікке қол жеткізу үшін маңызды екенін атап өтті. АҚШ сонымен бірге барлау ақпаратын алмасудағы үзілістерді тоқтатып, Украинаға көмекті  қалпына келтіруге уәде берді.
Делегациялар бейбітшілік үдерісі аясындағы гуманитарлық күш-жігердің маңыздылығын, соның ішінде әскери тұтқындармен алмасуды және ұсталған бейбіт тұрғындар мен украин балаларын қайтаруды талқылады. АҚШ бұл мәселелерді Ресей тарапымен ақылдасатынын жеткізді.

Екі тарап келіссөз жүргізетін топтардың құрамын анықтауға келісті.

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

АҚШ пен Израильдің Иранға шабуылы

1 наурыз Иран және шет елдік ақпарат құралдары Жоғарғы көсем аятолла Әли Хаменеидің шабуыл барысында қаза тапқанын растады. Сонымен...

Израиль мен АҚШ Иранға шабуылын бастады

Фото: AP / ТАСС 28 ақпанда Израиль мен АҚШ Иранға шабуылын бастады. Израиль қорғаныс министрі Исраэль Кац «Израиль мемлекеті өзіне...

АҚШ Иран мәселесін қалай шешпек?

фото reuters АҚШ-тағы саяси ахуал: Президент Трамптың саясатын халықтың қолдауы 38 пайызға дейін төмендеді. Осы жылдың 3 қарашасында Сенат пен...