Басты бетАҚШҚытай Украинаға байланысты...

Қытай Украинаға байланысты саяси ойынға араласты

фото Reuters

Гонконгта ағылшын тілінде шығатын South China Morning Post газеті Қытайдың Европа істері бойынша арнайы өкілі Лу Шайенің (Lu Shaye) Бейжіңде өткен Қытай Халықтық саяси консультативтік кеңесінің жыл сайынғы мәжілісінің панельдік пікірталас алаңында сөйлеген сөзін жариялады. Арнайы өкіл Украинаға қатысты бітімгершілік келісімді тек АҚШ пен Ресей ғана жасамауы керек деп мәлімдеді.
Ол АҚШ пен Ресей өзара келіссөздер жүргізіп жатқанына қарамастан, кез келген бейбіт келісім, әсіресе Украинаға байланысты, барлық мүдделі тараптардың, соның ішінде еуропалық елдердің мүдделері мен қатысуын ескеруі керек екенін атап өтті. Ол шешімдерді аз ғана топ елдер қабылдап, оны басқаларға таңып қоймай, тең дәрежеде талқылануы керек деп есептейді.      Лу сонымен қатар АҚШ-тың еуропалық одақтастарға қатысты саясатын «менмен және үстемдік» деп сынап, еуропалық елдерге оны Қытайдың бейбітшілік, достық және тиімді ынтымақтастығын баса көрсететін көзқарасымен салыстыруды ұсынды.
«Еуропалық достар бұл туралы ойланып, Трамп әкімшілігінің саясатын Қытай үкіметінің саясатымен салыстыруы керек. Олар Қытайдың дипломатиялық көзқарасы бейбітшілікке, достыққа, ізгі ниетке және өзара тиімді ынтымақтастыққа баса назар аударатынын байқайтыны белгілі», — деді Лу Шайе.

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

Трамп Иранға шабуылдан бас тартты. Алайда әскери дайындық жалғасуда.

фото Эвелин Хокштейн/Рейтер AFP ақпарат агенттігі Сауд Арабиясының жоғары лауазымды шенеунігіне сілтеме жасай отырып, Сауд Арабиясы, Катар және Оман...

АҚШ шамамен 24 сағаттан кейін Иранға шабуыл жасауы мүмкін

фото © REUTERS  Stringe Рейтер. 14 қаңтар. Рейтер агенттігі Европалық және Израильдегі дереккөздерге сүйене отырып АҚШ 24 сағаттың ішінде Иранға шабуыл...

АҚШ Венесуэлаға шабуыл жасады. Мадуро тұтқындалды.

Фото: STR/AFP 3  қаңтар күні АҚШ әскерлері көрші Венесуэланың астанасы Каракасқа шабуыл жасап, заңсыз билікте деп саналған президент Мадуроны әйелімен тұтқындап,...