HomeРедакция талдауыӘлемдік саяси сахнадаға...

Әлемдік саяси сахнадаға шоуға ұласқан трагикомедия

Трагедия

Бүкіл дүние көз тігіп отырған ресей-украин соғысы үш жылдық межеден асты. Қаншама қала қирады, бейбіт тұрғындар қаза тапты. Осының бәрі әлемді өз еркіне бағындырғысы келіп жүрген екі-үш адамның тірлігі. Империялық сана ХХ ғасырда қалуы керек еді, өкінішке орай жаңа шапан жамылып, неоимпериализмге айналып отыр.

Би-би-сидің мәліметтері бойынша Украина экономикасы 2024 жылдың қорытындысы бойынша 170 миллиард доллар шығынға ұшырады. Ал Украинаның премьер министрі Шмыгаль елдің экономикасын қалпына келтіру үшін кем дегенде 500 миллиард доллар қажет деп мәлімдеді.

Украинада 15 мың бейбіт тұрғын, 400 мыңнан аса жауынгер жаралы болды, соның ішінде 45 мыңы қаза тапты. 7 миллиоға жуық адам босқын ретінде шет елге кетуге мәжбүр болды. Ішкі миграция нәтижесінде 4,6 миллион адам қоныс аударды.
Халықаралық «Экономист» (The Economist) апталығы  британ деректері бойынша Ресей тарапынан 800 мың адам шығын болды және 7300 сақтауда тұрған танкілердің басым бөлігі жойылды немесе істен шықты, тек 500 ғана жөндеуге келеді, ал Т-80 танкісі жазға қарай толық таусылады деп хабарлайды. Сонымен бірге »Медиазона» сайты Ресейдегі жерленген және көңіл айтуларға шолу жасай келе елде 160 мыңнан аса адам соғыста қайтыс болды деп жариялады.
Ауған соғысында 16 мың адам қайтыс болды. Енді осы деректен-ақ ресей-украин соғысының ауқымын, салдарын көруге болады.

Міне осындай жағдайда  соғысты тоқтатуға сырттан біреу араласпаса, екі жақ та бір-бірін аяусыз талқандауда. Міне осы бастаманы Трамп көтерді. Бұл оның «Барлығы тек Америка» үшін деп айқайлаған сайлау алды ұранына сай келеді, мақсаты — АҚШ-тың Украинаға беріліп жатқан қаржысын үнемдеу. Бір жағы -бітімгер ретінде Нобель сыйлығын алуға да қарсы емес.

Комедия

Трамп АҚШ Украинаға 500 миллиард доллар қаржы берді, енді оны Украина сирек кездесетін қазба байлықтарымен қайтаруы керек деп шу көтерді. Тіпті Украинаның бүкіл қазба байлықтарын АҚШ иелігіне өтуі керек деп едіреңдеп еді, Зеленский келісім бермеді.  Трамп Франция президенті Макронмен баспасөз конференциясы кезінде Европа да Украинаға қаржыны қарызға беріп жатыр деп жаңалық ашпақшы болып еді, Макрон оны бөліп, »біз грант беріп жатырмыз» деп бөліп жіберді. Ал енді, ең бастысы, Путинге Европаны менсінбейтінін көрсету үшін Трамп Макронды қарсы алмай бір кемсітті, кездесу барысында столдың шетіне отырғызып екінші рет кемсітті, осының бәріне Франция президенті шыдады.

Шоу     

Трамп Путинді тезірек келісімге көндіру үшін үлкен шоу бағдарлама дайындады. Ол Зеленскийді «диктатор» деп атап, соғыстың басталуына кінәлі украиндер деп жаңалық ашты. Сонымен қоймай Бірікке Ұлттар ұйымының Бас Ассамблеясында Евроодақ пен Украина дайындаған қаулыны қабылдауға қарсы шықты. Қаулыда Ресей агрессор де аталған болатын. АҚШ өзі дайындаған қаулы жобасын Қауіпсіздік кеңесінде бекітіп, Бас Ассамблеяға ұсынды. Онда «соғыс» сөзінің орнына жанжал деген сөз енгізілді, талқыланып, дауысқа қойылды. Ең бастысы, өзі ұсынған қаулыға АҚШ-тың өзі дауыс бермеді. Бұл шоудың соңында Сербия президенті Ресейден «Украина үшін дауысты байқамай беріп қойыппыз»» деп кешірім сұрады. Ал Ресей сыртқы істер министрлігінің өкілі Захарова өздеріне қарсы дауыс берген Еуроодақ мүшелерін «клоундар» деп атады.

Комедия мен шоудың мақсаты — Путиннің ресейліктер алдында беделін түсірмеу яғни «бетін сақтап қалу» (не потерять лицо). Оның себебін «Экономист» былай түсіндіреді: «Егер көрші елдермен қарама-қайшылықта болу (конфронтация)  Путин режимінің негізі болса, онда зорлық пен жемқорлық оның желіміне айналды. Олигархиялық кландар санкциялар арқылы жасалған мұнай мен басқа «сұр» тауарларды  экспортқа шығару квоталарынан пайда көруде. Олар өздерінің пайдалы франчайзингтерінен оңай айрылмайды.  Қауіпсіздік қызметтері де кез келген мәмілені сатқындық ретінде қабылдайтын турбопатриоттарды іздейді». Міне «бетті сақтау» осы қысымға төтеп беру үшін керек. Әдетте авторитарлық басшыларды өзі қалыптастырған ортасы жұтып қояды.

Шоудың жалғасы

28 ақпан күні Зеленскийдің АҚШ-қа сапарының жанжалмен аяқталуы да осы шоудың жалғасы сияқты. Себебі АҚШ президенті мен вице-президенті Зеленскийді менсінбей, жан-жақтан қыспаққа алуы — келісімнің Трамп ұсынған вариантын қабылдатудың амалы еді.

 

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

Израиль-Иран соғысы қашан аяқталады?

Фото Би-би-си сайтынан алынды Біз өткен жолы жариялаған мақаламызда Израиль-Иран соғысы ұзаққа созылмайды деп болжам жасаған едік. Қазіргі жағдайда  соғыстың...

Израиль -Иран қақтығысы: соңғы жаңалықтар

Иран зымырандары талқандаған Израиль тұрғын үйі Натаньяху Иранның ядролық қару жасау бағдарламасын біраз жылдарға артқа шегердік, ендігі мақсат баллистикалық...

Израиль- Иран :Таңғы жаңалықтар

фото Reuters Израиль премьер-министрі Натаньяху Иран азаматтарын билікке қарсы шығуға шақырды 1979 жылы төңкерістің нәтижесінде биліктен кеткен шах Пехлевидің...