Басты бетАҚШВ. Зеленский АҚШ-қа...

В. Зеленский АҚШ-қа ресми сапармен келді

Фотография: Мстислав Черно/AP

Гардиан. Вашингтон

28 ақпан күні Украина президенті В.Зеленский АҚШ-қа ресми сапармен келді. Оны АҚ үйдің алдында АҚШ президенті Д.Трамп қарсы алды. Кездесу барысында Д.Трамп үш жыл бойы ресейлік агрессияға табанды қарсылық көрсеткен украиналық сарбаздарды «керемет ержүрек» деп мақтады. Ол алдағы сирек кездесетін минералдар туралы келіссөзді  жариялап, оны қолдану әртүрлі салаларда, соның ішінде жасанды интеллект пен әскери қару-жарақты жетілдіруде өте маңызды роль атқарады және бұл келісім «өте әділ мәміле» деп атады.
Трамп жаңа келісім «шайқасқа қайтып оралмайтын» етіп жасалуы қажет, сондықтан кейбір мәселелерді шешу үшін ымыраға келу қажет деп атап өтті. Осыған орай Трамп кейбір мәселелерге байланысты компромиске бару біреулер айтып жүргендей тым үлкен болмайтынын айтты.
НАТО-мен қарым-қатынасы және одақтастарының Путиннің саясатына қатысты алаңдаушылық білдірген  сұрақтарға Трамп Путинді де, Украинаны да қолдайтынын айтты. Ол бұл сәтті келіссөздер үшін қажет екенін алға тартып, Путин туралы теріс пікір айтудан бас тартты. Трамп келіссөздерге басымдық беретінін және ол  АҚШ пен әлемнің мүддесі үшін екенін атап өтті. Сонымен бірге ол  Зеленскийге «Үшінші дүниежүзілік соғыспен ойнадың» деп айыптады, ал вице президент Вэнс Украина АҚШ-ты сынай бермей алғыс айтуы қажет деп әңгімеге араласты.

Кездесу жанжалға ұласты. Украина президенті АҚШ тарапы қауіпсіздігіне кепілдік беруін сұрады. Трамп пен вице-президент Венс екі жақтан Зеленскийді қыспаққа алып, «рахмет айтудың орнына бізбен салғыласасың» деп кездесуді аяқтауға мәжбүр болды.

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

Әзірбайжан және Өзбекстан: Үстірт аймағындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңі Әзірбайжан мемлекеттік мұнай компаниясы (SOCAR) Өзбекстанның Үстірт аймағында көмірсутегі ресурстарын игеру бойынша...

АҚШ-Россия: Аляскада қандай мәселелер талқыланды?

Фото: Эндрю Харник/Getty Images Аляскадағы кездесуге әлем...

Украина тағдыры қыл үстінде

Аляскадағы Трамп пен Путин кездесуі Ресей-Украина соғысын тоқтата қоймайтыны белгілі. Алайда ұзаққа созылатын келіссөздердің басы болуы мүмкін. Келіссөзге қатысушылардың...