Басты бетЖаңалықтарГардиан: Хаос жамылғысымен...

Гардиан: Хаос жамылғысымен жасалған төңкеріс

Фотография: Брэндон Белл/Reuters

Дүниеге танымал ағылшын басылымы «Гардиан» өзінің «Хаос жамылғысымен жасалған төңкеріс» деп аталатын редакциялық мақаласында Д.Трампты мемлекеттік төңкеріс жасады деп айыптады.

Газет Трамптың конституцияның бірнеше нормаларын өзгертуге тырысып отырғанын алға тартады.

Бірінші, Дональд Трамп Конгресстің бюджеттің шығыстарын бақылау құқын шектеп, оны атқарушы биліктің қолына шоғырландыруға тырысқан саясаты  АҚШ-та конституциялық дағдарыс туғызды деп есептейді.  Нобель сыйлығының иегері Пол Кругман «егер  Трамп ойлаған жоспарын жүзеге асырып, табысқа жетсе, бұл биліктің заң шығарушы бөлігінің, яғни депутаттардың өкілеттігін шектеген  ХХІ ғасыр революциясы болатынын ескертті». Кругман президенттің сауда соғысының нақты себебі билікті басып алу деп дәлелдейді және оны редакциялық мақала авторы да дұрыс деп санайды.

Екінші, Трамп өз қалауы бойынша үкіметтік бағдарламаларды, тіпті Конгресс қаржыландыратын бағдарламаларды жабу құқығын иемдену арқылы Трамп есеп-қисапты теңестіреміз деп, федералды шығындар мен салықтарды қысқартуға мүмкіндік алады. Шындығында ол байларды байыту үшін кедейлерді тонайды. Экономикалық жаргон бойынша қанауды «байлық жасау» ретінде түсінетін Трамп мырзаның және оның жандайшаптарының  жеке пайда іздеудегі батылдығы адамды таң қалдырады. Трамп мырзаның философиясы қарапайым: аса байларға аз немесе мүлдем қадағалаусыз қалағанын істеуге рұқсат ету керек. Нәтижесінде таңдаулылар үшін байлық көбейеді, ал қарапайым көпшіліктің өмірі нашарлайды және қысқарады.

Үшінші, Өткен демалыс күндері Маск тобы Қазынашылыққа кіріп, федералдық төлемдерді тексеруге тырысуы және жауапты адамның оларды кіргізбегені үшін қызметтен алынуы -бұл да заңды белден басудың бір көрінісі. 5 триллион доллар қаржыны реттеп отырған Қазынашылықты тексеруге сот тиым салғанына қарамастан Маск тобы жеке құпияларды, соның ішінде Трамп пен Маск қарсыластарының қаржылай жағдайын бақылап, өшін алуға алып келуі мүмкін.

Төртінші, Трамп саясатының нәтижесінде АҚШ-тың халықаралық көмек бағдарламасы тоқтатылды. USAID-тың жабамыз дегенімен заң бойынша халықаралық көмекті федералдық орган реттеуі керек. Сонымен бірге «сауда соғысының» нәтижесінде АҚШ-та жұмыссыздардың саны көбейе түседі және салық шығындары артады.  Tax Foundation ұйымының талдауына қарағанда сауда тарифтерін өсірудің нәтижесінде 142 мың адам жұмыссыз қалады және қарапайым американдықтардан қосымша 80 миллиард салық алынады.

 

 

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

2025 жылы Қытай мен Жапония арасындағы қарым-қатынас шиеленісе бастады

фото 24tv.ua сайтынан алынды 2025 жылы Қытай мен Жапония арасындағы қарым-қатынас айтарлықтай нашарлап, ең төменгі деңгейге жетті. Бұл дипломатиялық дауларда,...

Украина жоспары бойынша сарапшы: Трамп Зеленскийді мәжбүрлей алмайды

Майкл Киммадж Фото DW Немецкая волна. Роман Гончаренко DW Вашингтондағы Кеннан институтының директоры Майкл Киммаджбен АҚШ президенті Дональд Трамптың бейбітшілік жоспарының болашағы...

Еуроодақ пен АҚШ арасындағы Украинаға байланысты қарама- қайшылықтар шиеленісті

Фото: Simon Dawson / No 10 Downing Street «Трамп- Путин жоспары» Еуроодақ пен АҚШ арасындағы қарама қайшылықты шиеленістіруі мүмкін. Негізгі...