Басты бетАҚШНеміс елшісі Трамптың...

Неміс елшісі Трамптың жеке билігінің күшеюі конституциялық құрылысқа әсер ететінін ескертті

AP Photo/Evan Vucci

Халықаралық  «Ассошиэйтед Пресс» жаңалықтар агенттігі Германияның Вашингтондағы елшісі Андреас Михаэлистің құпия баяндамасы туралы мәлімет жариялады. Елші жазбасында  Дональд Трамптың екінші президенттігі кезінде АҚШ-тағы демократиялық тежеу ​​мен тепе-теңдік жүйесі бұзылуы мүмкін деп алаңдаушылық білдірген. Оның пайымдауынша, Трамптың әрекеті заң шығарушы органды, құқық қорғау органдарын және БАҚ-ты тәуелсіздіктен айыруы мүмкін, бұл бар биліктің президенттің қолында шоғырлануына әкеледі. Баяндама Германияның Сыртқы істер министрлігі мен канцлерге беріліп, Трамптың инаугурациясына дейін бірнеше басылымдарда жарияланған.

Михаэлись Трамптың  «максималды жою, қалыптасқан саяси тәртіпті және бюрократиялық құрылымдарды жою» саясаты және оның кек алу жоспарлары сайып келгенде конституциялық құрылысты қайта қарауды білдіреді», — деп жазды

Елшінің жарияланған пікіріне байланысты ГФР Сыртқы істер министрлігі ішкі құжаттарға, талдауларға немесе елшілік есептерге түсініктеме бермейтінін мәлімдей отырып, дегенмен, АҚШ Германияның ең маңызды одақтастарының бірі екенін атап өтті. «Америкалықтар  Трампты демократиялық сайлауда сайлады. Әрине, біз Германия мен Еуропаның мүддесі үшін АҚШ-тың жаңа әкімшілігімен де тығыз жұмыс істейтін боламыз», — делінген dpa хабарламасында.

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

Трамп Иранға шабуылдан бас тартты. Алайда әскери дайындық жалғасуда.

фото Эвелин Хокштейн/Рейтер AFP ақпарат агенттігі Сауд Арабиясының жоғары лауазымды шенеунігіне сілтеме жасай отырып, Сауд Арабиясы, Катар және Оман...

АҚШ шамамен 24 сағаттан кейін Иранға шабуыл жасауы мүмкін

фото © REUTERS  Stringe Рейтер. 14 қаңтар. Рейтер агенттігі Европалық және Израильдегі дереккөздерге сүйене отырып АҚШ 24 сағаттың ішінде Иранға шабуыл...

АҚШ Венесуэлаға шабуыл жасады. Мадуро тұтқындалды.

Фото: STR/AFP 3  қаңтар күні АҚШ әскерлері көрші Венесуэланың астанасы Каракасқа шабуыл жасап, заңсыз билікте деп саналған президент Мадуроны әйелімен тұтқындап,...