Басты бетАҚШПәкістан премьер-министрі Шехбаз...

Пәкістан премьер-министрі Шехбаз Шариф Пәкістанның баллистикалық зымыран бағдарламасы өзін-өзі қорғауға арналған деп мәлімдеді

Пәкістанның DAWN газеті  премьер-министр Шехбаз Шариф АҚШ-тың төрт пәкістандық фирмаға елдің баллистикалық зымыран жасау бағдарламасына қатысы бар деген айыппен салған санкцияларының «ешқандай негізі жоқ» деп мәлімдегені туралы хабарлайды.
Мәлімдемеде Шариф Пәкістанның баллистикалық зымыран бағдарламасы өзін-өзі қорғауға арналған және басқа елдерге қауіп төндірмейтінін айтты. Ол Пәкістанның ядролық жүйесі 100% елдің қорғанысына арналғанын және агрессиялық мақсатты көздемейтінін баса айтты.
Бұл мәлімдеме АҚШ өткен аптада Пәкістанның Ұлттық даму кешені мен Карачиде орналасқан үш ұйымға елдің баллистикалық зымыран бағдарламасына қатысы бар деген айыппен санкция салған соң жасалды. Пәкістан сыртқы істер министрлігі АҚШ-тың шешімін «біржақты» деп атап, санкциялардың ешбір негізі жоқ деп мәлімдеді. Премьер-министр Шариф сонымен қатар Пәкістанның баллистикалық зымыран бағдарламасының үкіметке емес, бүкіл елге тиесілі екенін және ешқандай ымыраға келмейтінін айтты.
АҚШ ұлттық қауіпсіздік кеңесшісінің орынбасары Джон Финер Пәкістанды «Оңтүстік Азиядан Құрама Штаттардағы нысаналарға соққы беруге мүмкіндік беретін ұзақ қашықтықтағы баллистикалық зымырандар жасап жатыр» деп айыптады. Алайда Пентагонның өкілі генерал-майор Пэт Райдер тікелей сын айтудан бас тартты және Америка Құрама Штаттары Пәкістанды аймақтағы серіктес ретінде бағалайтынын атап өтті. Сарапшылардың пайымдауынша, Пентагонның ұстанымы оның АҚШ бастаған бұрынғы операциялардағы негізгі аймақтық серіктесі Пәкістан әскерімен байланыстарды сақтау ниетін көрсетеді.
АҚШ-тың мемлекеттік департаменті қыркүйек айында Қытайдың бір ғылыми зерттеу институтына және бірнеше компанияларына Пәкістанның баллистикалық зымырандарын жасауға қатысы бар деп санкция жариялаған болатын.
        Рейтер агенттігі өзінің мақаласында пәкістандық зымырандар болашақта қауіп төндіреді деп жазды. Себебі  АҚШ-ты алаңдатып отырған мәселе — пәкістандық зымырандардың алысқа ұшу мүмкіндігі  және қозғалтқыштарының күшін де бірнеше есе арттыруына байланысты болып отыр.

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

Трамп Иранға шабуылдан бас тартты. Алайда әскери дайындық жалғасуда.

фото Эвелин Хокштейн/Рейтер AFP ақпарат агенттігі Сауд Арабиясының жоғары лауазымды шенеунігіне сілтеме жасай отырып, Сауд Арабиясы, Катар және Оман...

АҚШ шамамен 24 сағаттан кейін Иранға шабуыл жасауы мүмкін

фото © REUTERS  Stringe Рейтер. 14 қаңтар. Рейтер агенттігі Европалық және Израильдегі дереккөздерге сүйене отырып АҚШ 24 сағаттың ішінде Иранға шабуыл...

АҚШ Венесуэлаға шабуыл жасады. Мадуро тұтқындалды.

Фото: STR/AFP 3  қаңтар күні АҚШ әскерлері көрші Венесуэланың астанасы Каракасқа шабуыл жасап, заңсыз билікте деп саналған президент Мадуроны әйелімен тұтқындап,...