HomeӘлем жаңалықтарыАлыптар айқасы жаңа...

Алыптар айқасы жаңа деңгейге шықты немесе Трамп таққа отырғанша үлгеру саясаты

Бір-бірінен алыс жатқан, екі географиялық аймақтағы саяси шиеленіс -әлемдегі алыптар айқасының жаңа деңгейге көтерілгенін көрсетеді. Сириядағы оппозициялық күштер үкімет әскерлеріне қарсы шабуылға шықты. Сириядағы екінші үлкен қала -Алеппоны басып алды.

         Ал Грузияда билікке қайтадан келген «Грузия арманы« партиясы Европаға қосылу процесін 2028 жылға дейін тоқтатамыз деп мәлімдеме жасады. Осы шешімге қарсы Грузияда оппозициялық күштер кең ауқымды наразылық шараларын бастады. Грузия президенті Саломе Зурабишвили жаңа сайланған парламентті мойындамауға шақырып, билік партиясының президент сайлауын жаңа ережеге сәйкес өткізуіне қарсы шықты. Елде заңды билік тек президентте, себебі парламент сайлауы бұрмалаушылықпен жүргізілгендіктен, жеңіске жеткен «Грузин арманы» заңсыз деп жариялады. Наразылыққа шыққандар мен полиция арасында қақтығыстар бесінші күн жалғасуда.

         Осы оқиғалардың астарындағы басты мәселе -Трамп ресми түрде қызметіне 20 қаңтарда кіріседі және бірінші кезекте  тек АҚШ мәселесімен айналысады деген болжамға сәйкес,  Ресей қаңтарға дейін аумалы-төкпелі болып тұрған екі елді өзіне толық қаратуға ұмтылуда.  Біріншісі, Сирия. Осы елде 2011 жылы басталған наразылық азамат соғысына ұласты.  Азамат соғысы барысында Асад билігін сақтап қалуға нақты көмектескен Ресей мен Иран болды. Сириядағы азамат соғысы толық аяқталған жоқ. Идлиб аймағында радикалды діни «Хайят Тахрир аш-Шам» тобы мен Турцияның көмегіне сүйеніп отырған оппозициялық күштер әлі де болса Дамаскіге бағынбай отыр. Үкімет әскерлеріне шабуыл жасап, Алеппоны басып алған осы топ.

Ағылшынның «Гардиан» газетінде АҚШ-тың  New Lines  деп аталатын стратегия және саясат институтының сарапшысы Ник Херастың пікірі жарияланды. Ол діни топтар мен оппозициялық күштердің Алеппоға шабуылына ресей және сириялық әскерлердің көтерілісшілер ұстап тұрған аймаққа шабуылға дайындалуы себеп болды деп есептейді. Осы әскери операцияны алдын-ала білген діни топтар мен оппозциялық күштер бірігіп, үкімет әскерлеріне соққы беріп, 2016 жылы Асад әскерлері босатқан  Алеппоны  қайта басып алды. Турция қолдап отырған оппозицялық күштердің шабуылға қатысуы — бұл Дамаск мен Мәскеуге берілген белгі деп есептейді сарапшы. Ресми Анкара Сирияның солтүстік-батысына басып алуға жол бермейтінін осы шабуыл арқылы көрсетіп отыр.

Үш елдің, Иранның, Турцияның және Ресейдің сыртқы істер министрлерінің осы шабуылға байланысты белсенділігі жағдайдың күрделі екендігін көрсетеді. Бұл Ресей, Иран және Сирия тарапынан күтпеген шабуыл еді. 1 желтоқсан күні Ресей сыртқы істер министрі Лавров пен Турцияның сыртқы істер министрі Фидан телефон арқылы сөйлесті, ал Иран сыртқы істер министрі Аракчи Анкараға  келді. «Анадолу» агенттігі хабарлағандай Иран мен Турция сыртқы істер министрлерінің бірлескен баспасөз конференциясында түрік министрі Фидан жағдайдың шиеленісуіне мүдделі еместігін мәлімдеді. Рейтер агенттігі Фидан осы баспасөз кездесуінде «Сирия үкіметі өз халқымен келісімге келуі керек» деп мәлімдеді деп хабарлайды. Сирия оппозициясының  шет елдегі өкілі Хади аль-Бахра Рейтер агенттігіне берген сұхбатында бұл шабуыл осыдан бір жыл бұрын жоспарланған еді, алайды Израильдің Газаға шабуылына байланысты кейінге шегерілді және оның дайындауға түрік әскерилерінің қатысы жоқ деп мәлімдеді.

Ал енді Грузиядағы билік партиясының шешімі -алдын-ала дайындалған шешім және сыртқы нұсқаумен жүзеге асырылып отыр. АҚШ билігінің өтпелі кезеңдегі солқылдақ саясаты және Евроодақ басшыларының ауысып жатуы қолайлы кезең деп қабылданған сияқты. Сонымен бірге Украинада басы қатып жатқан Батыс блогы  Грузиядағы жаңа шиеленіске дайын еместігі де айқын. Міне осындай жағдайларды есепке ала отырып, Грузия басшылығы Европаға қосылмау туралы шешім қабылдады. Бұл олардың түпкілікті Ресейге бет бұрғандығын көрсетеді.

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

Израиль-Иран соғысы қашан аяқталады?

Фото Би-би-си сайтынан алынды Біз өткен жолы жариялаған мақаламызда Израиль-Иран соғысы ұзаққа созылмайды деп болжам жасаған едік. Қазіргі жағдайда  соғыстың...

Израиль -Иран қақтығысы: соңғы жаңалықтар

Иран зымырандары талқандаған Израиль тұрғын үйі Натаньяху Иранның ядролық қару жасау бағдарламасын біраз жылдарға артқа шегердік, ендігі мақсат баллистикалық...

Израиль- Иран :Таңғы жаңалықтар

фото Reuters Израиль премьер-министрі Натаньяху Иран азаматтарын билікке қарсы шығуға шақырды 1979 жылы төңкерістің нәтижесінде биліктен кеткен шах Пехлевидің...