HomeАҚШИлон Маск -президент...

Илон Маск -президент жасаушы ма?

Әлемдегі ең  ірілердің серісі -Илон Масктың атағы бүкіл дүниеге танымал.  Ол АҚШ-тағы соңғы президент сайлауында республикалық партияның үміткері-Д.Трамптың сайлау кампаниясы барысында ерекше көзге түсті. Бұрын да өзінің ерекше технологиялық жаңашылдығымен, байлығымен көзге түсіп, атағы жер жарған Илон Маск енді АҚШ президенті Трамптың досы ретінде саяси ықпалы  өсе түсті.

Алайда 25 қазан күні «Уолл Стрит Джорналда» (The Wall Street Journal) «Илон Масктың президент Путинмен құпия әңгімелері» деп аталатын мақала жарық көрді.https://www.wsj.com/world/russia/musk-putin-secret-conversations-37e1c187

Мақалада Путин Масктен ғарыштық Starlink интернет жүйесін Тайвань аймағында қоспауын өтінгені туралы жазылған. Бұл әрине Қытай басшысының өтініші немесе Путиннің өз бастамасы болуы да мүмкін. Кремльдің баспасөз хатшысы  Дмитрий Песков Ресей басшылығы тек бір -ақ рет телефон арқылы Маскпен сөйлескенін, онда тек »ғарыш және жаңа технологиялар» туралы мәселе талқыланғандығы туралы мәлімдеді.

Рейтер агенттігі 15 қарашада демократ -сенаторлар Джин Шахин, шет елмен байланыс комитетінің мүшесі және Қарулы күштер бойынша комитеттің төрағасы Джек Рид АҚШтың Бас прокуроры Меррик Гарланд және Пентагонның бас инспекторына Масктың Space X компаниясының құпия қорғаныс бағдарламаларын орындаушы ретінде мемлекеттік құпияны сақтау мәселесін тексеруді өтінді. Себебі қазан айындағы мақалада көтерілген Масктың Путинмен байланысы ұлттық қауіпсіздікке зиян келтіруі мүмкін деп есептейді.

Шынында да Масктың компаниясы Пентагонның 1,8 миллиардтық әскери тапсырысын алып отыр. Илон Маск сенаторлардың бұл талабына байланысты өзінің Х қосымшасында қорқытумен жауап берді.

Жақында Рио де Жанейрода дүниедегі ең ықпалды жиырма елдің бас қосуы болды. Осы бас қосу шеңберінде ұйымдастырылған шаралардың біріне Бразилия президентінің жұбайы басшылық жасады. Джанжа Лула да Силва шара барысында кеменің белгі беретін дыбысындай шу шыққанда әзілдеп «Бұл Маск шығар. Мен сенен қорықпаймын. Баратын жеріңе бара бер деп» бір көше сөзін қосып жіберді. Маск та қарап қалмай өзінің меншігіндегі бұрынғы Твиттер, қазіргі Х қосымшасында « келесі сайлауда жеңілесіңдер» деп жауап берді. Бұл әрине  Масктың Бразилиямен қарым қатынасы біршама шиеленісті жағдайдаболғанының салдары. Себебі осы жылы Бразилияда Х қосымшасын қолдануға тиым салған еді. Кейін Бразилияның Жоғарғы соты шектеуді алып тастады.

Илон Масктен жаңа президент Трамптың айналасындағылар да шаршай бастады. АҚШ-тың NBC News  жаңалықтар телеарнасы Трамптың резиденциясы Мар-а-Лагодағы Масктың ролі туралы хабар ұйымдастырды. Онда телеарна Масктың барлық істерге араласа бастағанына мән береді. Трамптың айналасындағылардың пікірінше «ол өзін президенттің серігі ретінде сезінеді және басқаларға да соны көрсеткісі келеді». Екінші бір қызметкер «Ол әрине Трамптың жеңуіне үлкен үлес қостым деп есептейді. Оның America PAC қоры және Х қосымшасы сайлауда шешуші роль атқарды деп есептейді. Сондықтан Трамп оның алдында қарыздар екенін сездіргісі келеді» деді.

Сонымен бірге телеарна И.Масктың өз бастамасымен әр түрлі мәселелерді күн тәртібіне кіргізуге ұмтылуы және кадр мәселесіне араласуы екі тұлғаның болашақтағы қарым-қатынасын болжауға мүмкіндік береді деп тұжырымдайды. Ал The New York Times газеті 14 қараша күні И.Маск Иранның елшісімен құпия кездесу өткізді деп хабарлайды. Кімнің бастамасымен немесе тапсырмасымен кездесу болғаны айтылмаған.

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

Үндістан 24-36 сағаттан кейін Пәкістанға шабуыл жасауы мүмкін

фото https://oxu.az/ сайтынан алынды Пәкістанның ақпарат министрі А. Тарар Пәкістанның барлау қызметіне сілтеме жасай отырып, Үндістанның жақын арада, мүмкін алдағы...

Канада АҚШ-қа берілмейтінін мәлімдеді

фото Блэр Гейбл/Рейтер CNN   29 сәуір Канаданың жаңадан сайланған премьер-министрі Марк Карни Канаданың АҚШ-қа ешқашан берілмейтіні туралы мәлімдеме жасады. Ол 28...

Зеленский Қырымды беруден бас тартты

Фото: EPA Сәрсенбі күні Лондонда өтуге тиіс келіссөздерге АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марк Рубио бармайтын болды. Басты себеп- 22 сәуір күні...