Дональд Трамптың АҚШ-тың 47-ші президенті болып сайлануы әлемдік баспасөзде кең резонанс тудырды. Көптеген басылымдар оның жеңісінің таңданысын және халықаралық саясат үшін ықтимал салдарын атап өтуде.
Фото: Брайан Снайдер / REUTERS
Еуропа:
Ұлыбритания: The Guardian Трамптың жеңісі трансатлантикалық қарым-қатынастарды қайта бағалауға және Американың сыртқы саясатындағы оқшаулану ықпалының күшеюіне әкелуі мүмкін деп болжайды.
Сонымен бірге пікірлер рубрикасында The Guardian газетінің шолушысы Эмма Брокстың Трампқа байланысты мынадай пікірін келтіреді: Сәтсіз төңкеріс жасаса да,көптеген сот дауларына қарамастан, көптеген ер адамдар әйелге дауыс беруге бата алмады»
Германия: Der Spiegel НАТО-ның ықтимал әлсіреуі және АҚШ-тың қауіпсіздік принциптеріне деген көзқарасының өзгеруі туралы жазды.
Ал журналдың редакциялық мақаласы «Das Ende des Westens» «Батыстың соңы» (Конец запада) деп аталады. Онда мақала авторы Дирк Корбувейт «Жүйені бұзушы Дональд Трамптың сайлаудағы жеңісі либералдық демократияның соғыстан кейінгі кезеңді шебер қалыптастыра алмағанын көрсетеді» -деп жазды.
Француздың Les Echos экономикалық апталық басылымы Еуроодақтың Трамптың жаңа әкімшілігімен қарым қатынасы «қатаң жағдайға» көшуі мүмкін деп болжам жасады. Сондықтан Еуроодақтың өзінің ішкі бірлігі мен тәуелсіздігін нығайту қажеттілігі күшейеді. Басылымның пікірінше, «Трамптың жеңісі еуропалықтарды электр тогының соғуымен бірдей болды», бұл Еуропаны біртұтас және батыл болуға мәжбүр етуі керек. Басылым Трамптың ЕО-ға деген антипатиясын және оның Еуропадан импортқа баж салығын арттыру жоспарын ескере отырып, «Еуропа мен АҚШ арасындағы қарым-қатынас енді тек транзакциялық және сенімсіз болады» деп түсіндіреді. Бұған жауап ретінде ЕО-ның 27 елі қорғаныс және технология сияқты салалардағы ынтымақтастықты нығайту үшін бірлесіп әрекет етуі керек» — деп жазды
Азия:
Қытай: China Daily Трамптың сайлануы АҚШ пен Қытай арасындағы сауда қатынастарының шиеленісуіне әкелуі мүмкін екенін атап өтті, әсіресе оның сауда келісімдерін қайта қарау қажеттілігі туралы бұрынғы мәлімдемелерін ескерсек.
«Қытай-Америка қарым-қатынастары экономикалық, технологиялық, әскери және идеологиялық өлшемдерді қамтитын күрделі бәсекелестікке айналғаны шындық. Бұл бәсекелестік жақын арада жойылуы екіталай және үлкен жаһандық бөлінудің көзіне айналу қаупі бар. Негізінде, бұл бәсекелестік жаһандық көшбасшылық пен ұлттық бірегейлікке қатысты әртүрлі көзқарастарға негізделген, екі ел де әлемдік аренада ықпал ету үшін күреседі. Сондықтан, бұл динамикаларды шын мәнінде өзгерту үшін үлкен парадигманы өзгерту қажет: АҚШ Қытайдың стратегиялық ниеттерін түсіну үшін қайта бағалауы керек»
Жапония: «Japan Times» газеті қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты жалғастыруға үміт артады, бірақ Жапонияның жағдайына әсер етуі мүмкін АҚШ-тың экономикалық саясатындағы ықтимал өзгерістерді атап өтеді.
Жапонның Jiji Press ақпарат агенттігі ресми Токионың АҚШ-пен қазіргідей қарым-қатынасын сақтап қалатынына сенімді болғанымен, Вашингтон Жапониядан қауіпсіздік саласына байланысты талаптарын күшейтеді деп алаңдап отыр.
Таяу Шығыс:
Израиль: Jerusalem Post газеті Трамптың сайлануын құптайды, АҚШ-Израиль қарым-қатынастарына қолдау және аймақтық халықаралық қатынастарда қолдау күтеді.
Иран: Tehran Times санкцияларды қатайту және қаржыландыру келісімін қайта қарау мүмкіндігі туралы алаңдаушылық білдірді.
«Харрис пен Трамп бір медальдің әр түрлі жақтары ғана. Олардың ешқайсысы Израиль режимі тарапынан жойылып жатқан палестиналықтар мен ливандықтардың өміріне жаны ашымайды. Харристің жеңілуі американдықтардың АҚШ әкімшілігінің Израильге қолдау көрсетуіне көңілі қалғанын көрсетеді».
Ресей: «Коммерсантъ» газеті Трамптың жеңісі Мәскеу мен Вашингтон арасындағы қарым-қатынастың жылынуына әкеліп соқтыруы мүмкін екенін, бірақ жаңа әкімшіліктенбұл қадамдарды күту үшін шараларды мұқият сақтықпен жүргізу қажеттігін атап өтті.
Тұтастай алғанда, жаһандық баспасөз Дональд Трамптың сайлануында оң өзгерістерге деген үміт пен тұрақтылыққа төнетін ықтимал қауіптер туралы алаңдаушылық білдіруде.