HomeӘлем жаңалықтарыМолдова Ресей жексенбілік...

Молдова Ресей жексенбілік турда шетелдіктердің дауысын бұзуды жоспарлап отырғанын айтады

КИШИНЕВ, 3 қараша (Reuters) – Молдова үкіметіндегі дереккөз Ресей шетелдегі сайлау учаскелерінде, Еуроодақтың бірнеше елдерінде   жұмыс істеп жатқан молдаван эмигранттардың жексенбі күнгі президенттік сайлауда дауыс беруіне жол бермеуге тырысады деп  мәлімдеді.

Қазіргі батысшыл президент Майя Санду шиеленісті екінші турда дәстүрлі ресейшіл социалистік партия қолдайтын бұрынғы бас прокурор Александр Стояногломен сайлауға түседі.

Молдавиядағы аты-жөнін атамауды өтінген дереккөз Рейтер агенттігіне берген сұхбатында  Италия, Франция, Германия, Испания, Канада, Румыния, АҚШ және Ұлыбританиядағы сайлау учаскелерінде дауыс бергізбес үшін жалған бомба туралы мәлімдемелер арқылы сайлаушыларға кедергі жасауы мүмкін.

Вашингтондағы Ресей елшілігі осы мәселеге байланысты пікірін сұраған хатқа жауап бермеді.

Мәскеу Молдованың ішкі ісіне араласуын жоққа шығарады.

Молдованың еуропалық шенеунікке жолдаған хабарламасында «Мақсат – эвакуация (бомба қаупіне байланысты) және полиция келіп, тексеру кезінде дауыс беру процесін үзу. Біз сізді дауыс беру процесін үзбейтін процедуралар мен хаттамаларды қолдануға шақырамыз »  — деп жазылған. Бұл хабарламаның скриншоты Рейтерде бар.

Бұрынғы кеңестік мемлекет болған Молдова 1991 жылы КСРО ыдыраған кезде тәуелсіздік алды. Содан бері ол біресе батысшыл, біресе  ресейшіл болып, аумалы-төкпелі заманда өмір сүрді. Алайда 2022 жылы Мәскеу Украинаға басып кіргеннен кейін Батысқа алған бағытын жылдамдата бастады.

Молдованың құқық қорғау органдары Ресей қолдап отырған қашқын олигарх Илан Шорды Молдовадағы сайлауға араласты деп айыптады. Алайда ол заң бұзбағанын мәлімдеуде.

Батыс елдерінде жұмыс істеп жүрген  Молдова сайлаушылары әдетте еуропашылдар ретінде қарастырылады, сондықтан Молдованың 2030 жылға қарай 27 елден тұратын Еуропалық Одаққа қосылу амбициясын қолдайтын Сандуға көбірек қолдау көрсетеді.

20 қазанда өткен референдумда жеңіске жеткен Санду командасы үшін диаспораның дауыс беруі шешуші болды, бұл елдің ЕО ұмтылысын растады. Референдум сайлаудың бірінші кезеңімен бір мезгілде өтті.

Дереккөздің айтуынша, Мәскеу Молдова азаматтарын Әзербайжан, Беларусь, Түркия және Молдоваға ұшақпен және автобуспен тегін тасымалдап, Стояноглоның мүмкіндігін барынша арттыруға тырысады.

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

Үндістан 24-36 сағаттан кейін Пәкістанға шабуыл жасауы мүмкін

фото https://oxu.az/ сайтынан алынды Пәкістанның ақпарат министрі А. Тарар Пәкістанның барлау қызметіне сілтеме жасай отырып, Үндістанның жақын арада, мүмкін алдағы...

Канада АҚШ-қа берілмейтінін мәлімдеді

фото Блэр Гейбл/Рейтер CNN   29 сәуір Канаданың жаңадан сайланған премьер-министрі Марк Карни Канаданың АҚШ-қа ешқашан берілмейтіні туралы мәлімдеме жасады. Ол 28...

Зеленский Қырымды беруден бас тартты

Фото: EPA Сәрсенбі күні Лондонда өтуге тиіс келіссөздерге АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марк Рубио бармайтын болды. Басты себеп- 22 сәуір күні...