Басты бетОрта АзияБішкекте Түркі мемлекеттері...

Бішкекте Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің экономика және сауда министрлерінің 13-ші отырысы өтті.

ҚР үкіметінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жиынға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары — ҚР Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров, сондай-ақ Әзірбайжан, Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан және Венгрия делегациялары қатысты.
Кездесудің негізгі тақырыбы бұдан әрі ынтымақтастықты нығайту және ұйымға мүше мемлекеттердің экономикалық дамуы мәселелері болды.
Вице-премьер Қазақстан түркі интеграциясын дамытуға ерекше мән беретінін және бауырлас мемлекеттердің бастамалары мен сындарлы ұсыныстарын әрқашан құптайтынын атап өтті.
Н. Байбазаров өзінің баяндамасында «Түркі мемлекеттері ұйымы» аясында құрылған Түркі инвестициялық қоры экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге, бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға, елдеріміздің қарқынды өсуі мен өркендеуі үшін капиталды, технология мен талантты тартуға деген ортақ ұмтылысты айғақтайды», — деп атап өтті.
Ұйымға мүше елдердің министрлері Қазақстанның Жасыл қаржыландыру жөніндегі кеңесті, сондай-ақ ұйымға мүше мемлекеттердің Орталық (Ұлттық) банктер кеңесін құру жөніндегі бастамаларын қолдады.
Экономика және сауда министрлерінің келесі кездесуі Түркістанда өтеді, онда «ТҰРАН» арнайы экономикалық аймағының ашылу салтанаты жоспарланған, бұл ұйымның барлық елдері қолдаған Қазақстанның тағы бір бастамасы.
Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі 2009 жылы 3 қазанда құрылған. 2021 жылы Кеңес Түркі мемлекеттерінің ұйымы болып өзгертілді.

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

АҚШ пен Израильдің Иранға шабуылы

1 наурыз Иран және шет елдік ақпарат құралдары Жоғарғы көсем аятолла Әли Хаменеидің шабуыл барысында қаза тапқанын растады. Сонымен...

Израиль мен АҚШ Иранға шабуылын бастады

Фото: AP / ТАСС 28 ақпанда Израиль мен АҚШ Иранға шабуылын бастады. Израиль қорғаныс министрі Исраэль Кац «Израиль мемлекеті өзіне...

АҚШ Иран мәселесін қалай шешпек?

фото reuters АҚШ-тағы саяси ахуал: Президент Трамптың саясатын халықтың қолдауы 38 пайызға дейін төмендеді. Осы жылдың 3 қарашасында Сенат пен...