HomeӘлем жаңалықтарыНидерланды Өзбекстанмен ауған...

Нидерланды Өзбекстанмен ауған қашқындары және еңбек мигранттары туралы келіссөз жүргізуде

Нидерландының NL TIMES жаңалықтар агенттігі үкіметтің ауған
қашқындарын Өзбекстан арқылы еліне қайтару мәселесін талқылап
жатқандығы туралы хабарлайды. Нидерланды үкіметі пана іздеп келген ауған
азаматтарына рұқсат бермегенннен кейін Өзбекстаннан қабылдауды өтінуде.
Бұл мәселені шешу үшін Өзбекстан тарапы білікті өзбек мамандарын Европа
елдеріне еңбек мигранты ретінде қабылдаған жағдайда келісім бермекші.
«Қазір министрлер кабинеті Өзбекстанмен қандай дәрежеде келісімдерге қол
жеткізуге болатынын зерттеп жатыр», — деді баспана министрі Маржолейн
Фабер сәрсенбіде Твид Камерге берген сұхбатында. Министрі бұл туралы
көбірек айтқысы келмеді, себебі «әлі де талқылаулар мен зерттеулер»
жүргізіліп жатқандықтан мәселені толық шешілді деп айту қиын деді Фабер.
Пана іздеп келгендерді қорғау үшін барлық тетіктерді қолданғанымен,
оларды өздерінің шыққан елдері де қабылдамайды, себебі Талибан билікті
басып алғаннан бері олардың елімен ресми байланыс орнатылмаған.. Міне
сондықтан да Нидерланды және басқа Еуропа елдері оларды жылдар бойы
кері қайтарудың жолдарын іздестіруде. Бұл елдер, білім деңгейі төмен
ауғандықтарды қабылдауға құлықсыз. Сондықтан Нидерланды мен Германия
оларды Өзбекстан арқылы қайтарғысы келеді. Қыркүйек айында Герман
канцлері Шольцпен де осы мәселеге байланысты келіссөздер жүргізген
болатын. Өзбек тарапы өзбекстандық еңбек мигранттарын қабылдау және
дамуға көмек көрсетуді ұсынып отыр.
https://nltimes.nl/2024/10/13/netherlands-considering-deal-uzbekistan-
deporting-failed-afghan-asylum-seekers

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

Үндістан 24-36 сағаттан кейін Пәкістанға шабуыл жасауы мүмкін

фото https://oxu.az/ сайтынан алынды Пәкістанның ақпарат министрі А. Тарар Пәкістанның барлау қызметіне сілтеме жасай отырып, Үндістанның жақын арада, мүмкін алдағы...

Канада АҚШ-қа берілмейтінін мәлімдеді

фото Блэр Гейбл/Рейтер CNN   29 сәуір Канаданың жаңадан сайланған премьер-министрі Марк Карни Канаданың АҚШ-қа ешқашан берілмейтіні туралы мәлімдеме жасады. Ол 28...

Зеленский Қырымды беруден бас тартты

Фото: EPA Сәрсенбі күні Лондонда өтуге тиіс келіссөздерге АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марк Рубио бармайтын болды. Басты себеп- 22 сәуір күні...