Басты бетСоңғы жаңалықтарСолтүстік Кореялық хакерлер...

Солтүстік Кореялық хакерлер 2017 жылдан бері шамамен 3 миллиард долларға криптовалюта ұрлаған

Microsoft корпорациясының киберқауіпсіздік есебіне сәйкес Солтүстік Кореялық хакерлер 2017 жылдан бері шамамен 3 миллиард долларға криптовалюта ұрлаған. Копорация бұл қаражат КХДР ядролық бағдарламасын қаржыландыруға жұмсалды деп есептейді.
Майкрософт бұл қаражат Солтүстік Кореяның ядролық қаруды жасауға жұмсаған шығындарының жартысынан көбін өтегенін атап өтті. Оның үстіне тек 2023 жылдың өзінде 600 миллионнан 1 миллиард долларға дейін ұрланған. Сондай-ақ есепте өткен жылдан бері корпорация Солтүстік Кореяның бірнеше жаңа хакерлік топтарын анықтағанын атап өтеді. Сарапшылардың пікірінше, хакерлер санының көбеюі, Ким Чен Ын режимінің қолдауымен байланысты. Солтүстік Кореядан басқа, Ресей, Қытай және Иран топтары да хакерлер ортасында белсенді жұмыс істейді, деп атап көрсетеді Microsoft.
Сонымен бірге есепте секундына 7 мың шабуыл тек құпия сандарды (парольдерді) анықтау үшін жасалса, ал 600 миллион жүйені бұзу ,сол құпия сандарды пайдаланумен жүзеге асырылады.

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

Әзірбайжан және Өзбекстан: Үстірт аймағындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңі Әзірбайжан мемлекеттік мұнай компаниясы (SOCAR) Өзбекстанның Үстірт аймағында көмірсутегі ресурстарын игеру бойынша...

АҚШ-Россия: Аляскада қандай мәселелер талқыланды?

Фото: Эндрю Харник/Getty Images Аляскадағы кездесуге әлем...

Украина тағдыры қыл үстінде

Аляскадағы Трамп пен Путин кездесуі Ресей-Украина соғысын тоқтата қоймайтыны белгілі. Алайда ұзаққа созылатын келіссөздердің басы болуы мүмкін. Келіссөзге қатысушылардың...