Басты бетӘлем жаңалықтарыЕуроодақ Таяу Шығыстағы...

Еуроодақ Таяу Шығыстағы деэскалация күштерін қолдауға дайын – Шарль Мишель

АСТАНА. KAZINFORM – Еуропалық кеңес басшысы Шарль Мишель Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты мәлімдеме жасады.

«Мен Иранның Израильге жасаған шабуылын қатаң түрде айыптаймын – бұл аймақтық қауіпсіздікке қатер төндіреді. Таяу Шығыстағы өлімге әкелетін ушыққан шиыршықты қазір тоқтату керек. Аймақтық соғыс ешкімнің мүддесі емес. ЕО деэскалация және бейбіт тұрғындардың өмірін қорғау бойынша күш-жігерді қолдауға дайын», — деп жазды Шарль Мишель X әлеуметтік желісінде.

Бұған дейін Ұлыбритания премьер-министрі мен сыртқы істер министрі Иранның Израильге зымырандық шабуылын айыптап, тараптарды бұдан әрі шиеленістен аулақ болуға шақырған. 

Британдық саясаткерлердің реакциясы Иранның Израиль аумағына жасаған зымырандық шабуылдарынан кейін болды. Британдық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Израильдің орталық және оңтүстігіндегі қалаларға кемінде 180 зымыран атылған.

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

АҚШ пен Израильдің Иранға шабуылы

1 наурыз Иран және шет елдік ақпарат құралдары Жоғарғы көсем аятолла Әли Хаменеидің шабуыл барысында қаза тапқанын растады. Сонымен...

Израиль мен АҚШ Иранға шабуылын бастады

Фото: AP / ТАСС 28 ақпанда Израиль мен АҚШ Иранға шабуылын бастады. Израиль қорғаныс министрі Исраэль Кац «Израиль мемлекеті өзіне...

АҚШ Иран мәселесін қалай шешпек?

фото reuters АҚШ-тағы саяси ахуал: Президент Трамптың саясатын халықтың қолдауы 38 пайызға дейін төмендеді. Осы жылдың 3 қарашасында Сенат пен...