Басты бетӘлем жаңалықтарыҰлыбритания Премьері Брюссельге...

Ұлыбритания Премьері Брюссельге барып, Еуро Одақпен байланысты нығайтуға тырысты

БРЮССЕЛЬ. KAZINFORM – Ұлыбритания Премьер-министрі ретінде Брюссельге бірінші рет барған сапарында Кир Стармер Еуро Одақпен қарым-қатынасты жақсартуға тырысты, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің тілшісі.

Үкімет басшысы Брексит келіссөздерінен кейінгі бірнеше жылдық шиеленістен соң Еуропалық Одақтың сеніміне кіріп, серіктестікті қайта қалпына келтіру қажеттігін атап өтті.

Саясаткер басты назарын қауіпсіздік, қорғаныс, энергетика және климаттың өзгеруі сияқты салалардағы ынтымақтастықты нығайтуға аударды. Стармер Еуро Одақпен қарым-қатынас мәселесіне келгенде ақылға салып шешу керектігін атап өткенімен, Брекситтің ел мүддесі үшін қызмет ететіндігін жеткізді. Еуропалық Одақ өз кезегінде сауда кедергілерін азайту мәселесіне келгенде өте сақтықпен қарайтынына тоқталды.

Қос тарап заңсыз көші-қонды тоқтату және қорғаныс саласында тығыз жұмыс істеу туралы келісімге қол қойды. Еуро Одақ Ұлыбританиядан бұрынғы Brexit келісімдерін толық орындауды талап етеді.

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

Әзірбайжан және Өзбекстан: Үстірт аймағындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңі Әзірбайжан мемлекеттік мұнай компаниясы (SOCAR) Өзбекстанның Үстірт аймағында көмірсутегі ресурстарын игеру бойынша...

АҚШ-Россия: Аляскада қандай мәселелер талқыланды?

Фото: Эндрю Харник/Getty Images Аляскадағы кездесуге әлем...

Украина тағдыры қыл үстінде

Аляскадағы Трамп пен Путин кездесуі Ресей-Украина соғысын тоқтата қоймайтыны белгілі. Алайда ұзаққа созылатын келіссөздердің басы болуы мүмкін. Келіссөзге қатысушылардың...