Басты бетӘлем жаңалықтарыМексиканың тұңғыш әйел...

Мексиканың тұңғыш әйел президенті Клаудия Шейнбаум ант қабылдады

АСТАНА. KAZINFORM – 62 жастағы Клаудия Шейнбаум ресми түрде Мексика президенті қызметіне кірісті. Ұлықтау рәсімі республика Конгресінің (екі палаталы парламент) отырыстары өтіп жатқан Мехикодағы Сан-Лазаро заң шығару сарайында өтті, деп хабарлайды ТАСС ақпарат агенттігі.

«Мен Мексика Құрама Штаттарының саяси конституциясын және одан туындайтын заңдарды сақтауға және орындауға, сондай-ақ одақтың игілігі мен гүлденуі үшін халық маған сеніп тапсырған Республика Президентінің міндеттерін адал және патриоттықпен орындауға салтанатты түрде ант етемін. Егер мен мұны істемесем, ұлт мені жазаласын», — деді Шейнбаум президенттік ант мәтінін оқу кезінде.

Осыдан кейін өкілеттігін аяқтап жатқан мемлекет басшысы Андрес Мануэль Лопес Обрадордың қатысуымен Депутаттар палатасы (төменгі палата) президиумының төрағасы Ифигения Мартинес Эрнандес оған президенттік билік нышандарының бірі – Мексика туының түстеріндегі президенттік лентаны табыс етті.

Клаудия Шейнбаум (толық аты-жөні Клаудия Шейнбаум Пардо) 1962 жылы 24 маусымда Мехико қаласында дүниеге келген. Оның әкесі жағынан да, анасы жағынан да ата-бабалары – Шығыс Еуропадан келген еврей иммигранттары. Әкесі бизнесмен және ғылыми ортада танымал инженер-химик болған. Анасы биолог. 1960 жылдары олар елдегі студенттік қозғалыстар мен наразылық акцияларына белсенді қатысқан.

Шейнбаум Мексиканың Ұлттық автономиялық университетін (NAUM) физика мамандығы бойынша бітірді, онда энергетика саласындағы магистр және докторлық дәрежелерін алды. Ол Калифорния университетінің Беркли зертханасында Мексикадағы энергетикалық тенденциялар бойынша докторлық зерттеулерін жүргізді.

Kazinform үшін арнайы ТАСС серіктес агенттігі ұсынған.

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

Әзірбайжан және Өзбекстан: Үстірт аймағындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңі Әзірбайжан мемлекеттік мұнай компаниясы (SOCAR) Өзбекстанның Үстірт аймағында көмірсутегі ресурстарын игеру бойынша...

АҚШ-Россия: Аляскада қандай мәселелер талқыланды?

Фото: Эндрю Харник/Getty Images Аляскадағы кездесуге әлем...

Украина тағдыры қыл үстінде

Аляскадағы Трамп пен Путин кездесуі Ресей-Украина соғысын тоқтата қоймайтыны белгілі. Алайда ұзаққа созылатын келіссөздердің басы болуы мүмкін. Келіссөзге қатысушылардың...