Басты бетОрта АзияКелер жылы «Орталық...

Келер жылы «Орталық Азия – Еуроодақ» саммиті Өзбекстанда өтеді

ТАШКЕНТ. KAZINFORM – «Орталық Азия – Еуроодақ» форматындағы кезекті саммит келер жылы Өзбекстанда өтпек. Бұл туралы «Орталық Азия — Германия» саммитіне қатысқан көршілес елдің президенті Шавкат Мирзиёев мәлім етті, деп хабарлайды Kazinformагенттігінің Ташкенттегі меншікті тілшісі Әлихан Асқар.

Өзбекстан басшысы саммит барысында 

«Орталық Азия +»
Фото: Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі

 форматындағы мемлекет басшыларының кездесуі ынтымақтастықты нығайтуға тың серпін беріп келе жатқанын атап өтті.

«Біз ашық әрі нәтижеге негізделген диалог құрдық, шекара, су, энергетика, сауда және транзит бағытындағы көптеген мәселені өз бетімізше шешіп келеміз. Сондай-ақ, «Орталық Азия +» форматы аясында әлемнің жетекші елдерімен өзара іс-қимылды тереңдете түстік. Біздің аймақтың ертеңі, оның қауіпсіздігі мен тұрақты дамуы тек біздің саяси ерік-жігерімізге байланысты екенін анық білеміз», — деп тоқталдыӨзбекстан президенті.

Шавкат Мирзиёевтің сөзінше, келер жылы Өзбекстан «Орталық Азия – Еуроодақ» форматындағы кезекті саммитті қабылдамақ.

Шавкат Мирзиеев
Фото: Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі

«Біз келесі жылы Өзбекстанда «Орталық Азия – Еуроодақ» форматындағы кезекті саммитті өткізуге дайындалып жатырмыз. Ол өңірдің болашағы үшін инвестиция тарту тақырыбына арналмақ», — деп мәлім етті Ш.Мирзиёев.

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

АҚШ пен Израильдің Иранға шабуылы

1 наурыз Иран және шет елдік ақпарат құралдары Жоғарғы көсем аятолла Әли Хаменеидің шабуыл барысында қаза тапқанын растады. Сонымен...

Израиль мен АҚШ Иранға шабуылын бастады

Фото: AP / ТАСС 28 ақпанда Израиль мен АҚШ Иранға шабуылын бастады. Израиль қорғаныс министрі Исраэль Кац «Израиль мемлекеті өзіне...

АҚШ Иран мәселесін қалай шешпек?

фото reuters АҚШ-тағы саяси ахуал: Президент Трамптың саясатын халықтың қолдауы 38 пайызға дейін төмендеді. Осы жылдың 3 қарашасында Сенат пен...