Басты бетОрта АзияӨзбекстан ТМД-да қылмыстық...

Өзбекстан ТМД-да қылмыстық кірістерді заңдастыру тәуекелін зерделейтін орталық құруды мақұлдады

ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін бағалау жөніндегі ТМД халықаралық орталығын құруды көздейтін шартты бекітті.

Құжатқа 26 тамызда қол қойылды, деп хабарлайды Kazinformагенттігінің Ташкенттегі меншікті тілшісі Әлихан Асқар.

Өзбекстан басшысының қаулысына сай, аталған халықаралық шартты іске асыруға Экономикалық қылмыстарға қарсы күрес департаменті жауапты болады.

Ал министрлер кабинеті мен тиісті ведомство басшылары халықаралық шарт күшіне енгеннен кейін белгіленген тәртіппен оның жүзеге асуын бақылауға міндетті.

Еске салайық, аталған орталықты құру туралы келісімге былтыр қазанда Бішкекте өткен ТМД-ға қатысушы мемлекет басшыларының кеңесінде қол қойылған еді.

Құжат барлық қатысушы тараптарға хабарлама жолданып, мемлекетішілік рәсімдер аяқталғаннан кейін 30 күн өтіп, күшіне енеді.

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

АҚШ пен Израильдің Иранға шабуылы

1 наурыз Иран және шет елдік ақпарат құралдары Жоғарғы көсем аятолла Әли Хаменеидің шабуыл барысында қаза тапқанын растады. Сонымен...

Израиль мен АҚШ Иранға шабуылын бастады

Фото: AP / ТАСС 28 ақпанда Израиль мен АҚШ Иранға шабуылын бастады. Израиль қорғаныс министрі Исраэль Кац «Израиль мемлекеті өзіне...

АҚШ Иран мәселесін қалай шешпек?

фото reuters АҚШ-тағы саяси ахуал: Президент Трамптың саясатын халықтың қолдауы 38 пайызға дейін төмендеді. Осы жылдың 3 қарашасында Сенат пен...