Басты бетОрта АзияӨзбекстан СІМ Таяу...

Өзбекстан СІМ Таяу Шығыстағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады

ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Өзбекстан тарапы жағдайдың күрт шиеленісуіне алаңдаушылық танытып отыр. Көршілес елдің Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы қақтығысқа байланысты осындай мәлімлеме жасады, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Ташкенттегі меншікті тілшісі Әлихан Асқар. 

«Өзбекстан Таяу Шығыстағы жағдайдың күрт шиеленісуіне алаңдаулы. Қақтығыстың арта түсуі бүкіл халықаралық қауымдастық үшін теріс салдарға, аймақта қауіп-қатердің еселенуіне әкелуі ықтимал деп санаймыз. Қарсылас тараптарды ұстамдылық танытуға және жағдайды одан әрі шиеленістіретін әрекеттерге бармауға шақырамыз», — делінген Өзбекстанның сыртқы саяси ведомствосының мәлімдемесінде. 

Өзбек тарапы халықаралық нормалар мен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің шешімдеріне сәйкес, қақтығысты бейбіт жолмен реттеуге бағытталған шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті.https://mfa.uz/ru/press/news/2024/zayavlenie-mid-respubliki-uzbekistan—36418

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

Әзірбайжан және Өзбекстан: Үстірт аймағындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңі Әзірбайжан мемлекеттік мұнай компаниясы (SOCAR) Өзбекстанның Үстірт аймағында көмірсутегі ресурстарын игеру бойынша...

АҚШ-Россия: Аляскада қандай мәселелер талқыланды?

Фото: Эндрю Харник/Getty Images Аляскадағы кездесуге әлем...

Украина тағдыры қыл үстінде

Аляскадағы Трамп пен Путин кездесуі Ресей-Украина соғысын тоқтата қоймайтыны белгілі. Алайда ұзаққа созылатын келіссөздердің басы болуы мүмкін. Келіссөзге қатысушылардың...