Басты бетҚытайҚазақ-қытай шекарасы бірнеше...

Қазақ-қытай шекарасы бірнеше күнге жабылады

Мемлекеттік кірістер комитеті қазақ-қытай шекарасы бірнеше күнге жабылатынын жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ведомствоның хабарлауынша, Қытай Халық Республикасының құрылған күнін мерекелеуіне байланысты 2024 жылғы 1 қазаннан бастап 3 қазанға дейін Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобильді өткізу пунктерінде тұлғалардың, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайды.

Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штатты режимде жұмысын жалғастырады. Тасымалдаушылардан және шекарадан өтуге ниет білдіргендердің барлығынан енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз маршрутын алдын ала жоспарлауды сұраймыз, – деп жазылған ҚР ҚМ МКД баспасөз қызметінің хабарламасында.

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

Халықаралық жаңалықтағы мәлімдеме, дерек және болжамды қалай ажыратамыз?

Халықаралық оқиға туралы хабарда бірнеше деңгей қатар жүреді: ресми мәлімдеме, журналист анықтаған факт және сарапшының болжамы. Бұларды араластыру оқиғаның...

АҚШ пен Израильдің Иранға шабуылы

1 наурыз Иран және шет елдік ақпарат құралдары Жоғарғы көсем аятолла Әли Хаменеидің шабуыл барысында қаза тапқанын растады. Сонымен...

Израиль мен АҚШ Иранға шабуылын бастады

Фото: AP / ТАСС 28 ақпанда Израиль мен АҚШ Иранға шабуылын бастады. Израиль қорғаныс министрі Исраэль Кац «Израиль мемлекеті өзіне...