50 жылдық Асад әулетінің билігі құлады

50 жылдық Асад әулетінің билігі құлады

CNN  ақпараты бойынша: 8 желтоқсан

Сирияның мемлекеттік телеарнасы хабарын тоқтатып, көтерілісшілердің «революцияның жеңіске жеткендігі туралы» мәлімдемесін көрсетті.
Сирия премьер-министрі жазбаша жолдауында үкіметтің «халық таңдаған кез келген басшылықпен ынтымақтасуға» дайын екенін айтты. Бейнежазбада оны көтерілісшілер ертіп жүргенін көруге болады. Исламшылар бастаған көтерілісшілер азшылықтардың қорғалатынын айтты.

• АҚШ-тың бір шенеунігі CNN-ге Сириядағы оқиғалар Таяу Шығыстағы «Иран айласының» аяқталғанын білдіреді деп айтты. Иран қолдайтын Асад билігінің құлауы соңғы 14 айдағы Израильмен қақтығыстарда Теһранның негізгі сенімді өкілдері Хезболла мен Хамастың жойылуынан кейін болды.

Көтерлісшілер зорлық пен айуандық символы болып келген Сайеднаи түрмесін басып алып, қамаудағыларды босатты. 2017 жылғы AmnestyInternational есебі бойынша 2011-2015 жылдар аралығында бұл түрмеде 13 мың адам дарға асылған. 

Ресей сыртқы істер министрлігінің сайтында ресми мәлімдеме жарияланды: «Біз Сириядағы драмалық оқиғаларды аса алаңдаушылықпен бақылап отырмыз. Б.Асад Сирия Араб Республикасының аумағындағы қарулы қақтығысқа қатысушылардың бірқатарымен келіссөздер нәтижесінде  президенттік қызметтен кету туралы шешім қабылдап, билікті бейбіт жолмен өткізу туралы тапсырма беріп, елден кетті. Ресей бұл келіссөздерге қатысқан жоқ. …. Ресейдің Сириядағы әскери базалары жоғары дайындықта. Қазіргі уақытта олардың қауіпсіздігіне айтарлықтай қауіп төніп тұрған жоқ.

 

Flightradar сайтының хабарлауынша, Сирияның  әуе компаниясының ұшағы көтерілісшілер Дамаскіні басып алды деген хабар тараған уақытта Дамаск әуежайынан көтерілген.

Ұшақ бастапқыда Асадтың алавиттік сектасының бекінісі саналатын Сирияның теңіз жағалауы аймағына қарай ұшқан, бірақ кейін күрт бұрылып, бірнеше минут қарама-қарсы бағытта ұшып, картадан жоғалып кеткен.

Пәкістанның Dawn газетінің сайтындаИзраильдің премьер министрі Биньямин Нетаньяху1974 жылғы келісімді жоққа шығарып, Сирияға тиісті буферлік аймақ болып есептелетін Голан жотасын басып  алу туралы бұйрық бергені туралы жазды.

Түркияның Anadolu ақпараттық агенттігі хабарлайды:

Сирияда 61 жылдық «Араб социалистік қайта өрлеу» партиясының билігі күйреді.
Көтерлісшілердің басшысы,  «Хайят Тахрир аш-Шам» (ХТШ) ислам тобының жетекшісі Ахмед аль-Шара (Абу Мухаммад аль-Джулани) әлеуметтік желіде таратқан мәліметінде мемлекеттік мекемелерге жақындауға тыйым салды және олар елдің премьер-министрі  Мохаммада Гази аль-Джалалидің бақылауында болады. Премьер -министр билікті ресми түрде өткізіп беруге тиіс.

Рейтер агенттігі хабарлайды:

Израильдің әскери-әуе күштері Дамаскідегі Иранның зымырандар жобалайтын зерттеу орталығын және Сирияның қару-жарақ қоймаларын атқылаған.

Мәлімет Ресейдің РБК сайтынан алынды.

 

 

 

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

Трамп Иранға шабуылдан бас тартты. Алайда әскери дайындық жалғасуда.

фото Эвелин Хокштейн/Рейтер AFP ақпарат агенттігі Сауд Арабиясының жоғары лауазымды шенеунігіне сілтеме жасай отырып, Сауд Арабиясы, Катар және Оман...

АҚШ шамамен 24 сағаттан кейін Иранға шабуыл жасауы мүмкін

фото © REUTERS  Stringe Рейтер. 14 қаңтар. Рейтер агенттігі Европалық және Израильдегі дереккөздерге сүйене отырып АҚШ 24 сағаттың ішінде Иранға шабуыл...

АҚШ Венесуэлаға шабуыл жасады. Мадуро тұтқындалды.

Фото: STR/AFP 3  қаңтар күні АҚШ әскерлері көрші Венесуэланың астанасы Каракасқа шабуыл жасап, заңсыз билікте деп саналған президент Мадуроны әйелімен тұтқындап,...