2030 жылға қарай сирек кездесетін металлдарға деген сұраныс  сұраныс 100-300%-ға өседі

                            Неодимнен жасалған магниттер    Фото Wikimedia Commons

         Ресейдің РБК каналы ATK+ Consulting зерттеуі негізінде  2030 жылға қарай сирек кездесетін металлдарға деген сұраныс 100-300%-ға өсетінін болжайды.
Неодим, диспрозия, тербий және празеодимге сұраныс ерекше өседі деп күтілуде – бұл материалдар жел энергетикасын, электрониканы, электр көліктерін және робот техникасын дамыту үшін өте маңызды.
Нарықтың болашағы электр көліктері болғандықтан жаңа кен орындарының, әсіресе Анд тауларындағы (Аргентина, Боливия, Чили) «литий үшбұрышы» белсенді игеріле бастады, мұнда олар жылына 50 мың тоннаға дейін литий өндіруді жоспарлап отыр, бұл «жасыл» экономикаға көшу кезінде сұранысты қанағаттандыруға көмектеседі.
Сирек жер элементтеріне әлемдік сұраныс автомобиль және машина жасау өнеркәсібінде (15–30%) магниттер мен электр қозғалтқыштарын өндіру үшін қолданатын диспрозия мен неодимге күшейіп келеді. Ал металлургия, авиация және қорғаныс саласында (10–15%) – ыстыққа төзімді қорытпаларды өндіру үшін сирек кездесетін металлдарды  пайдаланады.
Қытай сирек жер элементтерінің ең ірі жеткізушісі болып табылады (85%-дан астам). Ресейде айтарлықтай қор бар (28,7 млн. тонна), әсіресе Мурманск облысында және Ловозеро кен орнында, бірақ оның әлемдік өндірістегі үлесі қазіргі уақытта шамамен 1% құрайды. Ресейде сирек жер элементтерін өңдейтін зауыттар бар, ал елде толық технологиялық цикл құру және қосымша құнды арттыру мақсатында тау-кен өндіру мен өндіріс белсенді дамып келеді деп хабарлайды РБК каналы.
spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

Әзірбайжан және Өзбекстан: Үстірт аймағындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңі Әзірбайжан мемлекеттік мұнай компаниясы (SOCAR) Өзбекстанның Үстірт аймағында көмірсутегі ресурстарын игеру бойынша...

АҚШ-Россия: Аляскада қандай мәселелер талқыланды?

Фото: Эндрю Харник/Getty Images Аляскадағы кездесуге әлем...

Украина тағдыры қыл үстінде

Аляскадағы Трамп пен Путин кездесуі Ресей-Украина соғысын тоқтата қоймайтыны белгілі. Алайда ұзаққа созылатын келіссөздердің басы болуы мүмкін. Келіссөзге қатысушылардың...