HomeӘлем жаңалықтарыӨз елінде басшы,...

Өз елінде басшы, шет елде «қолбала» болған саясаткер сотта жеңілді

«Немецкая волна» Германияның бұрынғы канцлері Герхард Шредердің немістердің ең ірі «Bild» газетімен соттасып, жеңіліп қалғанын хабарлайды. 2020 жылы газетте А.Навальныймен интервью жарияланған болатын. Сұхбатта А.Навальный Г.Шредерді «Путиннің қолбаласы және жасырын қаржы алып отыр» деп айыптаған болатын. Міне осы мәліметті тараттың деп газетті айыптап, дауласқан Г.Шредер сотта жеңіліп қалды.
Герхард Шредер 1998 жылдан 2005 жылға дейін Германия канцлері қызметін атқарып, «қызыл-жасыл» деп аталатын коалициялық үкіметті басқарды. 2005 жылғы сайлауда жеңіліп, отставкаға кеткеннен кейін ол Владимир Путиннің ұсынысын қабылдап, 2006 жылдан бастап Nord Stream AG акционерлік комитетін, 2017 жылдан бастап «Роснефть» директорлар кеңесін басқарды. Г. Шредер бұл қызметтен 2022 жылдың мамырында, Ресейдің Украинаға жаппай басып кіруі басталғаннан кейін кетті.
2023 жылы Г.Шредер ГФР-дағы саяси дәстүр бойынша бұрынғы үкімет басшыларына тиісті офисінен айрылғандықтан мемлекетпен соттасып, жеңіліп қалған еді.

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

Израиль-Иран соғысы қашан аяқталады?

Фото Би-би-си сайтынан алынды Біз өткен жолы жариялаған мақаламызда Израиль-Иран соғысы ұзаққа созылмайды деп болжам жасаған едік. Қазіргі жағдайда  соғыстың...

Израиль -Иран қақтығысы: соңғы жаңалықтар

Иран зымырандары талқандаған Израиль тұрғын үйі Натаньяху Иранның ядролық қару жасау бағдарламасын біраз жылдарға артқа шегердік, ендігі мақсат баллистикалық...

Израиль- Иран :Таңғы жаңалықтар

фото Reuters Израиль премьер-министрі Натаньяху Иран азаматтарын билікке қарсы шығуға шақырды 1979 жылы төңкерістің нәтижесінде биліктен кеткен шах Пехлевидің...