Басты бетОрта АзияӨзбекстанда балаларға заңсыз...

Өзбекстанда балаларға заңсыз діни білім беруге тиым салынды

фото Yandex

Өзбекстанның «Nuz.uz» сайты Өзбекстан Республикасының Әділет министрлігіне сілтеме жасай отырып, енді балаларға заңсыз діни білім беруді ұйымдастырғаны  үшін әкімшілік жауапкершілікті қарастыратын заңнамаға түзетулер енгізілгенін хабарлайды. Әділет министрлігі түзетулер кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауды жақсартуға бағытталған деп мәлімдеді.

«Бала құқықтарының кепілдіктері туралы» Заңда ата-аналар мен қамқоршылар балаларды өздерінің діни көзқарастары бойынша тәрбиелеуге болатыны туралы норма қосылды, бірақ  нормаларды бұза отырып, кәмелетке толмағандарды діни білім беруге тартуға тыйым салынады.

Мемлекеттік тіркеуден өтпеген  немесе лицензиясы жоқ, сондай-ақ арнайы діни білімі  және діни ұйымдарды орталық басқару органының рұқсаты жоқ жеке тұлғаларға балаларды діни білім алу үшін оқытуға беруге тыйым салынады.

Әкімшілік жауапкершілік туралы кодекске де өзгертулер енгізілді: балаларды заңсыз оқытуға тартқан ата-аналарға немесе қамқоршыларға 5-тен 10-ға дейін негізгі есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынуы мүмкін. Бір жыл ішінде қайталап бұзған жағдайда айыппұл 10-15 көлемдегі ең төменгі жалақыға дейін өседі, ал кейбір жағдайларда 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу мүмкін.

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

АҚШ пен Израильдің Иранға шабуылы

1 наурыз Иран және шет елдік ақпарат құралдары Жоғарғы көсем аятолла Әли Хаменеидің шабуыл барысында қаза тапқанын растады. Сонымен...

Израиль мен АҚШ Иранға шабуылын бастады

Фото: AP / ТАСС 28 ақпанда Израиль мен АҚШ Иранға шабуылын бастады. Израиль қорғаныс министрі Исраэль Кац «Израиль мемлекеті өзіне...

АҚШ Иран мәселесін қалай шешпек?

фото reuters АҚШ-тағы саяси ахуал: Президент Трамптың саясатын халықтың қолдауы 38 пайызға дейін төмендеді. Осы жылдың 3 қарашасында Сенат пен...