Басты бетӘлем жаңалықтарыӘзірбайжан Пәкістаннан 40...

Әзірбайжан Пәкістаннан 40 JF-17 Block III жойғыш ұшағын сатып алады

 Фото: eng.chinamil.com.cn
Әзірбайжан пәкістандық JF-17 Thunder жойғыштарын сатып алуды 16-дан 40 ұшаққа дейін ұлғайтты, бұл Пәкістан қорғаныс өнеркәсібі тарихындағы ең үлкен экспорттық келісімшарт болды деп хабарлайды Turan union  ФБ парақшасында.
Пәкістан үкіметі 2025 жылдың 6 маусымында Әзірбайжанмен 40 JF-17 Thunder ұшағын сату үшін 2 миллиард долларлық инвестициялық пакетпен бірге 4,6 миллиард долларлық қорғаныс келісіміне қол қойғанын жариялады.
Әзербайжан 2024 жылдан бастап Пәкістаннан осы ұшақты сатып ала бастады. Соның нәтижесінде Әзірбайжан аймақтағы әскери авиациясы күшті елге айналды. Алғашқы ұшақтарды қабылдауға ел президенті Ильхам Алиевтің өзі қатысты деп жазды armiya.az сайты.

Ильхам Алиев жойғыш ұшақ кабинасында Фото armiya.az сайтынан алынды

JF-17 Блок 3 Найзағай
Пәкістан Әскери-әуе күштерінің JF-17 Block 3 Thunder тактикалық жойғышын Pakistan Aeronautical ұлттық компаниясы мен Қытайдың Ченду концернінің мамандары бірлесіп әзірледі. FC-1 деп аталған жауынгерлік ұшақты бастапқыда қытайдың CAC (Chengdu Aircraft Corporation) корпорациясы Пәкістанның қаржылық қолдауымен 1990 жылдардың аяғы мен 2000 жылдардың басында  кеңестік МиГ-21 негізінде жасады. JF-17 ресейлік «Климов» АҚ шығарған RD-93 қозғалтқышымен жұмыс істейді. МиГ конструкторлық бюросының көмегімен ұшақтың аэродинамикасы айтарлықтай жаңартылды. Алғаш 2003 жылдың тамызында көрсетілді.

Шетелдік БАҚ-тың хабарлауынша, Пәкістан Әскери-әуе күштеріне алынған ұшақтың бұл терең жетілдірілген нұсқасы KLJ-7A  антеннасы бар жаңа борттық радармен,  РЭБ жүйесімен, зымырандық шабуыл туралы ескерту жүйесімен, алдыңғы әйнегіндегі кең бұрышты индикатормен, сондай-ақ қару-жарақтың алдыңғы жағындағы қосымша ілу нүктелерімен жабдықталған.
Ең бастысы, жойғыш ұшақ Қытайдың Индиямен әскери қақтығыстары кезінде сынақтан өткен PL-10E «әуе-әуе» зымыранын қолдана алады.

 

 

 

 

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

Украина жоспары бойынша сарапшы: Трамп Зеленскийді мәжбүрлей алмайды

Майкл Киммадж Фото DW Немецкая волна. Роман Гончаренко DW Вашингтондағы Кеннан институтының директоры Майкл Киммаджбен АҚШ президенті Дональд Трамптың бейбітшілік жоспарының болашағы...

Еуроодақ пен АҚШ арасындағы Украинаға байланысты қарама- қайшылықтар шиеленісті

Фото: Simon Dawson / No 10 Downing Street «Трамп- Путин жоспары» Еуроодақ пен АҚШ арасындағы қарама қайшылықты шиеленістіруі мүмкін. Негізгі...

Мәскеудегі АҚШ- Ресей келіссөздері нәтижесіз аяқталды

Фото Alexander Kazakov/Russian Presidential Press and Information Office/TASS 3 желтоқсан күні президент Владимир Путин мен Дональд Трамптың жоғары лауазымды өкілдері...