HomeӘлем жаңалықтарыҚытай төрағасы Си...

Қытай төрағасы Си Цзиньпиннің Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне ресми сапары туралы

фото Синьхуа

Reuters ақпарат агенттігі Қытай төрағасы Си Цзиньпиннің Вьетнамға, Малайзияға және Камбоджаға сапарына және АҚШ пен Вьетнам арасындағы сауда шиеленістеріне байланысты мақала жариялады.
Рейтер Қытай басшысының осы жолғы сапарына АҚШ баж салығы әсер етті деп есептейді. Себебі Си Цзиньпин Қытай мен Вьетнам арасындағы сауда мен жеткізу тізбегін нығайтуға шақырады және «сауда және тарифтік соғыстарда жеңімпаздар жоқ, ал протекционизм жолы тұйық, шығу жолы жоқ» деп атап көрсетті.
Вьетнам Оңтүстік-Шығыс Азиядағы маңызды өндіріс және құрастыру орталығы болып табылады. Ел Қытайдан келетін импортқа және АҚШ-қа экспортқа қатты тәуелді.
Вьетнам Қытайдан алған тауарларын осы жерде құрастырып, АҚШ-қа сатады. Вьетнам Қытайдан 30 миллиард доллардың тауарын импорттап, АҚШ-қа 31,4 миллиард доллардың тауарын экспорттайды. Міне осы жағдайға байланысты АҚШ Вьетнамға 46 пайыздық баж салығын салып отыр.
Трамптың бірінші президенттігі кезінде салықтан қашып, Қытай Вьетнамға үлкен көлемде миллиардтаған инвестиция салды. Соның нәтижесінде қытай өнеркәсіп орындары Вьетнамда өнім шығаруда.
Ресми сапар барысында Вьетнам мен Қытай түрлі салалар бойынша 40-қа жуық келісімге қол қоюға ниетті. Вьетнам қорғаныс, қауіпсіздік және инфрақұрылым салаларындағы, әсіресе теміржол қатынасындағы ынтымақтастықты арттыруға мүдделі. Вьетнам Қытай несиелерін екі ел арасындағы теміржол салуға пайдалануға келісімін берді. Сонымен бірге Қытай өзінің COMAC ұшағын Вьетнамға сатуға мүдделі.
АҚШ Қытайдан келетін тауарларға жоғары баж салығын енгізді және Вьетнамнан келетін тауарларға да баж салығын енгіземіз деп қорқытуда. Сондықтан да Вьетнам АҚШ-тың тарифтерінен құтылуға тырысып, Қытаймен кейбір саудаға бақылауды күшейтуде және Starlink сияқты американдық компаниялармен серіктестік орнатуда. Starlink Оңтүстік-Шығыс Азияны ғарыштық байланыс жүйесімен қамту үшін Вьетнамға база салуды жоспарлауда.
Вьетнам сондай-ақ Қытайдың болат өнімдеріне демпингке қарсы баж салығын енгізіп, арзан қытай тауарларына салық жеңілдіктерін алып тастады.
Си Цзиньпин сапары барысында Камбоджа мен Малайзияға да барады. Бұл елдер де АҚШ-тың тарифтік салықтарына ілікті және АҚШ-тан жеңілдік сұрауда.
Рейтер осындай экономикалық тығыз қарым-қатынасқа қарамастан Қытай мен Вьетнамның Оңтүстік Қытай теңізіне қатысты келіспеушіліктері де бар екеніне мән береді.
Қытай басшысының осы сапары АҚШ-пен сауда шиеленісі жағдайында Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен экономикалық және саяси байланыстарын белсенді түрде нығайтуға мүдделі болып отырғанын көрсетеді.

БЕЙЖИН, 14 сәуір (Синьхуа) — Қытай төрағасы Си Цзиньпин дүйсенбіде Қытай Вьетнамның солтүстігінде үш стандартты теміржол жобасы бойынша вьетнамдық тараппен ынтымақтастықты дамытуға және ақылды шекара өткелдерін бірлесіп салуға дайын екенін айтты.

Бұл туралы Си Цзиньпин Вьетнамға мемлекеттік сапары қарсаңында дүйсенбі күні вьетнамдық «Нян зан» газетінде жарияланған «Бұрынғы жетістіктерге сүйену және ортақ мақсаттарды жүзеге асыруда жаңа жетістіктерге жету» деп аталатын мақаласында мәлімдеді.

Мақалада Қытай басшысы сонымен қатар Қытайдың жоғары сапалы вьетнамдық өнімдердің өз нарығына шығуын құптайтынын және Қытай кәсіпорындарының Вьетнамға инвестиция салуға және бизнес жүргізуге ынталы екендігін атап өтті.

«Екі елдің халқына көбірек пайда әкелу үшін екі жақты өнеркәсіптік және жеткізу тізбегіндегі ынтымақтастықты күшейтіп, 5G, жасанды интеллект және жасыл даму сияқты дамып келе жатқан салалардағы ынтымақтастықты кеңейтуі керек», — деп жазды Қытай төрағасы

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

Кашмир дауы кезекті Үндістан мен Пәкістан соғысына ұласа ма?

Кашмир мәселесі – Үндістан мен Пәкістан арасындағы Кашмир аймағын иеленуге байланысты басталған күрделі және ұзақ уақытқа созылған дау. Қазіргі...

Зеленский Қырымды беруден бас тартты

Фото: EPA Сәрсенбі күні Лондонда өтуге тиіс келіссөздерге АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марк Рубио бармайтын болды. Басты себеп- 22 сәуір күні...

        Путин келіссөздерге дайын екенін мәлімдеді

 21 сәуір күні Ресей президенті Владимир Путин соғыс басталғаннан бері алғаш рет Украинаға екіжақты келіссөздер жүргізуді ұсынды деп хабарлайды...