Басты бетТехнологияҚазақстан табиғи апаттармен...

Қазақстан табиғи апаттармен күресте Түркияның дрондарын пайдаланбақ

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Түркияның Baykar компаниясының техникалық директоры және негізін қалаушылардың бірі Сельчук Байрактармен кездесті.

Кездесуде табиғи апаттармен күресте инновациялық дрондарды пайдалану жайы талқыланды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Baykar әзірлеген ұшқышсыз басқарылатын дрондар нақты уақытта бақылау, жедел әрекет ету және төтенше жағдайларда тиімді үйлестіру мүмкіндіктеріне ие.

Түркия Орман шаруашылығы бас басқармасының мәліметі бойынша, бір дрон 2020 жылдың жазында шамамен 3,5 миллион гектар орманды зерттеп, 345 орман өртін анықтап, сөндірген.

Министр ынтымақтастықты одан әрі арттыру мақсатында Baykar командасын Қазақстанға шақырды.

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

АҚШ пен Израильдің Иранға шабуылы

1 наурыз Иран және шет елдік ақпарат құралдары Жоғарғы көсем аятолла Әли Хаменеидің шабуыл барысында қаза тапқанын растады. Сонымен...

Израиль мен АҚШ Иранға шабуылын бастады

Фото: AP / ТАСС 28 ақпанда Израиль мен АҚШ Иранға шабуылын бастады. Израиль қорғаныс министрі Исраэль Кац «Израиль мемлекеті өзіне...

АҚШ Иран мәселесін қалай шешпек?

фото reuters АҚШ-тағы саяси ахуал: Президент Трамптың саясатын халықтың қолдауы 38 пайызға дейін төмендеді. Осы жылдың 3 қарашасында Сенат пен...